Елімізде орта білім беру мазмұнына өзгерістер енгізу қазіргі заман талабы екені бәрімізге мәлім. Жаңа көзқарас, жаңаша ойлау, дамыған алдыңғы қатарлы елдер көшінен қалмау — басты мақсат. Дамыған елдер қатарынан табылу үшін ел экономикасын өркендету керек. Ел экономикасының қалай өркендетеміз? Әрине, білімді азаматтар үлесінсіз болмақ емес. Осы мақсат-мүдделерді жүзеге асыратын, алған білімін қолдана білетін, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеу екені шындық болып отыр.
Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мұғалімдерге жүктеліп отыр. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ және Қарасай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жаңа бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтудеміз. Бастауыш оқытудағы жаңа бағдарламамен етене танысып, өз пікірімізді ортаға салудамыз. Әріптестерімізбен бірге ескі көзқарастан арылып, жаңаша сыни ойлауға, сабақты жаңаша жоспарлауға үйренудеміз.
Әлемдік білім беру жүйесінің өзгеруіне байланысты жаңартылған білім беру бағдарламасының еліміз үшін маңызы зор. Бағдарлама оқушыны өздігінен білім алуға талпындыра отырып, сыни ойлауға жетелеуде және өз бетімен зерттеулер жүргізуде оқушыны алға жетелейді. Оқушыға жауапкершілік жүктей отырып, кез-келген қиындықтан шыға білуге тәрбиелейді.
3-топ. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жазу үстінде
Еліміздің болашағын, экономикасын дамытуда сыни тұрғыда ойланатын, рухани құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу — қазіргі уақыттағы өзекті мәселе болып отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасының еліміз үшін маңызы зор, сол себептен бұл бағдарламаның енгізілуін толықтай қолдаймыз.
Алғашқы қадамдарымыз жаман емес. Бағдарламаның басты мақсаттарын түсініп, «Сындарлы оқыту» мен «Спиральді білім беру» жүзеге асыруға дайынбыз. «Әлем өзгереді, біз өзгереміз, сабағымыз да өзгереді»!
Алматы облысы,
Қарасай ауданының
бастауыш сынып мұғалімдері:
Конарбаева Бану Кызайбековна
Шалгынбекова Умит Жумабаевна
Темиржанова Рысалды Сериковна
Кадырбаева Салтанат Жанисбаевна
Исаева Роза Нурмуханбетовна
Шерубай Күлжихан Қайыпбекқызы