Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білімнің жаңа асулары

Жаңартылған білімнің жаңа асулары

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің білімдері жаңаруда. Білім басы – бастауышта. Міне, сондықтан білім шырағына  шыққымыз келсе, алдымен бастауыштан бастап бастауымыз керек.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» дегеніндей, білімнің өмірде қажеттілігін болашақ ұрпаққа ұғындыру жөн деп білем. Қазақ еліне қалқан болатын ұрпақ көз алдымызда отыр. Біз тек олардың ұстазы ғана емес, нұсқаушысы, бапкері, сенімді досы бола аламыз.

«Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай Байжановна Қарасай ауданына қарасты Алтын ауыл орта мектебінде ұйымдастырылған жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ауданның 31 ұстазына дәріс оқуда. Жалпы бұл бағдарламаның мақсатты барлық орта білім беретін мектептердің деңгейін «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» деңгейіне жеткізу жолында жемісті еңбек ету. Тілі шебер, ойы ұшқыр ұстаздан аларымыз мол екенін түсіндік. Жаңартылған білім дәстүрлі сабақ беретін ұстазға қандай жаңашылдық ұсынады немесе жеңілдік бар ма десек, ол ең алдымен толағай табысқа әкеледі. Атап айтсақ, әр тұлғаның жекешеленуіне, ішкі жан дүниесін тануға, көзсіз батырлыққа, өз ойын еркін жеткізуге үйретсе, ұстаздың педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бастайды.

Негізгі мақсаты – зерттеуге негізделген оқыту мен оқу тәсілі. Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде мақсаты сындарлық оқыту теориясына негізделе отырып, спиральды білім беру бағдарламасына негізделгені болып табылады.

 

Жусупова Казна Ерденбековна

Қарасай ауданы,

«Қарасай батыр атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталықпен»

КММ бастауыш сынып мұғалімі,

Ерсариева Гульшат Жолдасовна

Қарасай ауданы «Абай ауылындағы орта мектеп

 мектепке дейінгі шағын орталықпен»

 КММ бастауыш сынып мұғалімі,

Тоқтар Мария

 «Алтын ауыл» орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.