Home » Ашық сабақтар » Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың ғылыми ізденісін қалыптастырудың жолдары

Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың ғылыми ізденісін қалыптастырудың жолдары

Ә. Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектебінде қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, қалалық тәжірибелік семинар өтті.Мектеп керемет безендіріліп, семинарға жан-жақтан қонақтар келді.

Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім аясында оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, жас мамандарға әдістемелік көмек беру, өз – ара тәжірибе алмасу. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Мақұлбекова Айгүл Амангелдіқызы семинардың ашылуы мен мақсат міндеттерін  таныстырып кетті. А.А.Мақұлбекова мектептерге жаңартылған білім бағдарламасы енгізілгелі жас мамандармен тәжірибе алмасу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Семинарда бастауыш сыныптың алты мұғалімі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ көрсетті.

Атап айтсақ: Панайотиди С.Г, математика: «Алгоритм письменного умножения и деления с переходом через  разряд»,  Бижігітова Г.М,   дүниетану: «Қазақстан рәміздері», Ағманова М.О,   қазақ тілі: «Жалқы есім және жалпы есім»,  

Касымбекова О.А, русский язык  «Сочетание имен существительных с именами прилагательными», Сұлтанбаева М.Е, әдебиеттік оқу: «Қазақстан таулары», Кочкурова И.В, математика: «Уравнения на умножение и деление» тақырыптарында мұғалімдеріміз жоғары деңгейде сабақ көрсетсе, екінші бөлімінде  «Оқушылардың ғылыми ізденісіне» кезек беріліп, 3 «А» сынып оқушылары: Санарбек Жадыра  «Адыраспанның емдік қасиеттері»,  Саржуддин Маржан «Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары» тақырыбында ғылыми жұмыстарын қорғады.

Жетекшісі: Бимурзаева Гүлжахан Мәдіханқызы.

 Келесі кезеңде: «Кітап білім бұлағы» тақырыбында 4 «А» сынып оқушысы Юзыкаева Жасмин, 4 «Б» сынып оқушысы Жұманова Жанел ертегілерден, оқыған кітаптарынан суреттер бойынша сөйлеп түсінік айтты.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ізденісін қалыптастыру, түсінік айту қабілетін және сөздік қорын дамыту болатын. Жетекшілері: Муратова Э.Т, Ибраева М.Х.

 

 

 

Бұдан соң, бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдукаримова Майра Зікірбекқызы   «Мұғалім ізденісі сапалы білім беру» тақырыбында баяндама оқып, мектептің тыныс тіршілігімен таныстырды.

Семинар соңында келген қонақтар пікір, ұсыныстарын ортаға салып  өте жоғары деңгейде өтілгенін, ұйымдастырылғанын, оқушылардың ғылыми еңбегін,  мәнерлеп айту ерекшеліктерін көрсете білгенін, дайындаған, жетекшілеріне және сабақ берген мұғалімдерге қалалық білім  бөлімінен марапаттаулар берілді. Қонақтардың бәрі алғыстарын айтып, ерекше әсермен қайтты.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.