Home » Жаңалықтар » Жаңалыққа жаны құмар педагогтар

Жаңалыққа жаны құмар педагогтар

2018 жылдың 18 қаңтарында Шымкент қаласынан «Білім айнасы» Республикалық газетінің журналист — менеджменті Мадина Серікқызы «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар тренингті ОҚО Сарыағаш ауданы Ақжар аулының №28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырды. Семинар тренингті өтудегі мақсат — мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашумен бірге, біліктіліктерін арттыру. Тренингке директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары Мусакулова К., мұғалімдер Мұстафаева А., Тауекелова Қ., Байсопиева А., Аликулова Л., Нартаева Г., Тохсанбаева Г., Каирбек М., Разықұлова Ф.,Ұзақбаева А., Хинизова Э. қатысты. Тренинг барысында мұғалімдер мақала жазудың қыр-сырымен танысып, БАҚ бетінде мақала жазудың әдіс -тәсілдерін терең меңгеру жолдарын үйренді. Сонымен бірге мектепте өткізген ашық сабақтарының үлгісін, ата-ана және өз тарапынан өткізіп жүрген іс-шараларын жариялау жолдарын ұғынды. Сөйтіп, ғаламтор желісі арқылы Республика көлеміндегі әріптестермен тәжірибе алмасып,ой бөлісуді жөн көрді. Әрине, ғаламтор желісі қазіргі заманауи өзара қарым-қатынастың бірі болғандықтан «Білім айнасы» газетінің сайтына еніп, мұғалімдермен пікір алмасып, өздеріне керекті үлгі сабақ жоспарларымен және қажетті материалдармен танысатын болды.
Жаңалыққа жаны құмар педагогтар тарапынан журналист – менеджмент Мадина Серікқызына алғысымызды білдіреміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.