2019 жылдың 26 ақпан айында Астана қаласында орналасқан №53 «Мерей» балабақшасында Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Жаяу жүргінші әліппесі» атты қалалық «Брейн-ринг» сайысыөтті.
Брейн –ринг сайысына Есіл ауданына қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты.Брейн – ринг сайысының мақсаты кішкентай бүлдіршіндердің жол қозғалысы ережелері, көлік құралдарының түрлері, жол белгілері және бағдаршамдар туралы білімдерін бекіту;іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Балаларды көшедедұрыс жүріп, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтатын болсақ :
1.Таныстыру (топ аты, ұраны, жарық беретін белгісі бар эмблемасы, әні, формасы)
2.«Жаяу жүргіншілер жолында жүру ережесі» тақырыбы бойынша музыкалық әрлеуімен сахналық көрініс.
3.Жолда жүру ережесі бойынша сұрақтар мен жұмбақтарға жауап бер.
4.«Жол белгілерін білу» (топ командирлеріне сұрақ)
5.Қорытынды балл.
«Тура биде туған жоқ» дегендей сайыста Астана қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы,полиция капитаны Бирмагамбетова ЭльмираМаратовна,
«Бөбек»балабақшасының меңгерушісі Сәрсенбаева Гүлмира Байдаковна әділқазылық етті.
Жол ережелері туралы білімдерімен тәнті еткен балалардың өнеріне әділқазы мүшелері әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Бас жүлдені №53 «Мерей», №68«Балбұлақ» ,№84 «Кәусар», №90«Еркежан» балабақшалары иеленді. 1орынға ие болған 54 «Нұрай», №76«Әдемі», №86 «Зияткер», №87«Қадыр» балабақшалары.2 орынды жеңіп алған №62 «Нұрсауле», №64 «Асыл бөбек», №78 «Асыл»,№ 92 «Жауқазын» балабақшалары.
3 орынға ие болған №56 «Береке », №15«Дарын», №77 «Қошақан», №91«Еңлік», № 88 «Баян сұлу» балабақшалары өз білімдерін сынады.
Қорытындылай келе айтарымыз «Жолда жүру ережесі» деп аталатын көшелер мен жолдардың заңы өте қатаң! Егер жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамай, кез келген жерлерден жүре берсе, бұны заң кешірмейді. Бірақ бұл заңды орындасаң, өміріңді қауіптен сақтайсың. Ал бұны барлық үлкендер де, кішілер де білу керек!
Талипова Алия Сапаровна,
Астана қаласы әкімдігінің
№53 «Мерей» балабақшасының әдіскері.