Home » Жаңалықтар » «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылық фестивалі

«Жауқазын» облыстық балалар шығармашылық фестивалі

Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді. Фестивальға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы З.Есбергенова, Маңғыстау облысының білім басқармасының бастығы З.Тастемірова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры И.Жұмағалиева және ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы, тренер А.Жұмабаева, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Бәйімбетова, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері (150 бала), ата-аналар қатысты.

Фестивальдің мақсаты – мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің шығармашылық потенциалын көрсету, талантты, патриотты тұлғаларды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру.

Фестивальға әр аудан, қаладан ең дарынды, үздік жеңімпаз аталған 150 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты. Өнер көрсеткен әрбір бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар тапсырылды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры И.Жұмағалиева фестивальға қатысушы жеңімпаз бүлдіршіндерді дайындаған әр аудан, қаладан келген мектепке дейінгі мекеме мамандарына «Алғыс хат» табыстады.

Ақбілек Қошқарбайқызы Жұмабаева

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

кафедрасының аға оқытушысы, тренер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.