Home » Жаңалықтар » Жас ғалымдар

Жас ғалымдар

Болашақтың  кепілі — білімді  ұрпақ.  Әсіресе ізденімпаз жастар  еліміздің  мықты іргетасын  қаламақшы.  Соған  дәлел ретінде  Балтабай  орта  мектебінің  оқушылары Хасанова С., Салимова Д., Радиков  Ш. (11-сынып), Шмарина А., Рақым Д.(9-сынып), Синицкий Д. (6-сынып)   КҒА–на  мүше  болып,  өз  жобаларын  қорғады. Облыстық КҒА  мүшелерінің  жоба қорғауы 3-наурызда  өткен  болатын. 2-орынды Синицкий Д. мен  Радиков  Ш. иеленсе, Салимова Д. мен Хасанова С. 3-орынды жеңіп алды, Шмарина Ю. 1-орынды иеленді. ҚР КҒА-ның 27-ші  Алматы облысының ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Республикалық КҒА-на 3 оқушы  жолдама  алды. Оқушыларымыздың жобаларының  тақырыптары  заманауи  мәселелерді  қамтып, өзектілігімен ,  тиімділігімен, маңыздылығымен,  жан-жақты  зерттелгендігімен  тыңдаушысын  баурай  алды. Өз Отанына  ерінбей  еңбек  ететін,  маңызды жобаларды  ұсынатын  жас  ғалымдарымыз  көбейе  берсін.

А. Смагулова,
Балтабай орта мектебінің директорының
әдістемелік-инновациялық ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.