Home » Жаңалықтар » ЖАС ҒАЛЫМДАР САЙЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ЖАС ҒАЛЫМДАР САЙЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Биылғы Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына еліміздің барлық өңірлерінен 738 оқушы қатысқан болатын. Оған: Павлодар облысынан облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған 58 оқушы 45 жобамен қатысты.

Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша жүргізілді:
— экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);
— ғылыми-техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
— таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау);
— Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағыттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқықтану).
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы 4 алтын, 12 күміс, 9 қола медальдарын иеленіп, бірінші орынға ие болды және «Ең үздік команда-2018» Сертификатымен марапатталды.

Айгүл Молдаш,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.