Болашақтың кепілі — білімді ұрпақ. Әсіресе ізденімпаз жастар еліміздің мықты іргетасын қаламақшы. Соған дәлел ретінде Балтабай орта мектебінің оқушылары Хасанова С., Салимова Д., Радиков Ш. (11-сынып), Шмарина А., Рақым Д.(9-сынып), Синицкий Д. (6-сынып) КҒА–на мүше болып, өз жобаларын қорғады. Облыстық КҒА мүшелерінің жоба қорғауы 3-наурызда өткен болатын. 2-орынды Синицкий Д. мен Радиков Ш. иеленсе, Салимова Д. мен Хасанова С. 3-орынды жеңіп алды, Шмарина Ю. 1-орынды иеленді. ҚР КҒА-ның 27-ші Алматы облысының ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Республикалық КҒА-на 3 оқушы жолдама алды. Оқушыларымыздың жобаларының тақырыптары заманауи мәселелерді қамтып, өзектілігімен , тиімділігімен, маңыздылығымен, жан-жақты зерттелгендігімен тыңдаушысын баурай алды. Өз Отанына ерінбей еңбек ететін, маңызды жобаларды ұсынатын жас ғалымдарымыз көбейе берсін.
А. Смагулова,
Балтабай орта мектебінің директорының
әдістемелік-инновациялық ісі жөніндегі орынбасары