Home » Балабақша » Жас маман-жарқын болашақ

Жас маман-жарқын болашақ

 

Биылғы жылы «Жастар жылына» арналып, жастар қауымын қолдау жұмыстары елімізде жақсы қарқынмен жұмыс жүргізіліп келеді. Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен Жастар жылын қолдау және «Green Peace» кластері аясында №63 «Әсем-Ай» балабақшасы мен Астана қаласы гуманитарлық колледжінің  ұйымдастыруымен серіктес балабақшалармен бірге «Жас маман-жарқын болашақ» атты ұйымдар арасында сайыс өтті.

Мақсаты: ҚР Президентінің Жолдауының жүзеге асыру мақсатында «Жастар жылын» қолдау аясында жас мамандарды  қызметке бейімдей отырып, кәсіби  біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту.  Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу. Отансүйгіштік пен этноэкологиялық тәрбиені қалыптастыру, Green Peace кластер аясындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.

Сайысқа қатысушылар:

  1. №63 «Әсем-Ай» балабақшасы. «Әсем-Ай» жастары командасы
  2. №49 «Алтын-Ай» балабақшасы. «Алтынай арулары» командасы
  3. №68 «Балбұлақ» балабақшасы.»Ұлы дала жастары» командасы
  4. №94 «Сұңқар» балабақшасы.»Жасыл әлем» командасы
  5. Астана қаласы Гуманитарлық колледжі студенттері «Жаңа толқын» командасы
  6. Қазақ Агротехникалық университетінің «Экология» кафедрасының студенттері, «Экосақшылар» командасы

Сайыстың әділ төресін берген қонақтарымыз:

1.Астана дарыны дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының әдіскері: Рысмаганбетова Ж.Ж.

  1. Есіл ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің бастығы : Саркенова Қ.С.
  2. Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері: Байманова Л.Х.
  3. Ардагер ұстаз: Дүйсебаева Мира Жоламановна
  4. Педагогика ғылымдарының кандидаты: Ақжарқын Бәдел
  5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: Қадыралиев А.А.

 

Қатысушы командалар берілген мақсатқа қарай  өз өнерлерін паш етіп, көрермен көзайымдары болды. Сайыс қорытындысы бойынша Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының дипломдарымен марапатталды:

Бас жүлде- №68 «Балбұлақ» балабақшасы.»Ұлы дала жастары» командасы

1 орын-Астана қаласы Гуманитарлық колледжі студенттері «Жаңа толқын» командасы

2 орын- №94 «Сұңқар» балабақшасы.«Жасыл әлем» командасы

3 орын- №63 «Әсем-Ай» балабақшасы. «Әсем-Ай» жастары командасы иеленді.

«Жас келсе-іске» демекші, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін біздің жастарымыз ерен еңбек етуде. Білім беру саласында қызмет жасайтын жас қауымның еңбегі-болашақта еліміздің іргесін мықты тұғырда ұстайтын ұрпақ тәрбиелейтініне сеніміміз зор.

                     

Мейрманова Г.С.,
№63 «Әсем-Ай» балабақшасының
инновация әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.