Алдын – ала жүргізілген жұмыс:
1) Мамандардың ашық ұйымдастырылған оқу іс—әрекеттерін қарау.
- Тәжібаева Айжан Қанатбекқызы – «Қатынас» білім беру саласы бойынша ағылшын тілінен «Үй жануарлары» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
- Еңсебаева Жанар Оңайбайқызы – «Қатынас» білім беру саласы бойынша тіл дамытудан «Көктем» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
- Мыңжанова Фариза –
- Акмурзаева Тәттігүл — «Қатынас» білім беру саласы бойынша орыс тілінен «Овощи и фрукты» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
2) Жас мамандарға арналған тест сұрақтары
Тәжібаева Айжан Қанатбекқызы – 11 ұпай
Еңсебаева Жанар Оңайбайқызы – 6 ұпай
Мыңжанова Фариза – 6 ұпай
Акмурзаева Тәттігүл – 7 ұпай
Байқаудың жүрісі
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, ұстаздар!
Бүгін біздің бөбекжайда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп
Қош келдіңіздер халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің бақшамызда тамаша байқау өтеді. Бұл байқауда бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бойына тәлім – тәрбиенің асылын құя білетін тәрбиеші деген атқа лайық жас мамандарымыз өнер көрсетеді. «Жас маман деген кім?» . Олай болса:
Ж – жігерлі,
А – алғыр,
С – сұлу да сымбатты,
М – мақсаткер,
А – айтқанды екі етпейтін,
М – мінезі жайсаң,
А – арманшыл,
Н – насихатты тез қабылдайтын жас мамандарымызды ортаға шақырайық.
- Ағылшын тілі маманы Тәжібаева Айжан Қанатбекқызы (еңбек өтілі – 3 ай).
Өмірлік ұстанымы: «Қандай жағдай болса да, тек алға!».
- Тәрбиеші Еңсебаева Жанар Оңайбайқызы (еңбек өтілі – 4 жыл).
Өмірлік ұстанымы: «Өмір сүрген ортамда өз орнымды тауып, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беру».
- Тәрбиеші Мыңжанова Фариза Жалғасқызы(еңбек өтілі — 3жыл).
Өмірлік ұстанымы: «Тек қана алға ұмтылу».
- Орыс тілі маманы Акмурзаева Тәттігүл Сағынғалиқызы(еңбек өтілі – 7 ай).
Өмірлік ұстанымы: «Еңбек етсем ертеңгі, бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін»
Жүргізуші: Мамандарымызға баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық:
- «Балдырған бөбекжайы» МКҚК ән-саз жетекшісі Мұңалбаева Әлия
- «Атамекен бөбекжайы» МКҚК әдіскері Оспанова Эльвира
- «Балауса бөбекжайы» МКҚК директоры Демеева Ақтоты
Бірінші кезең: «Мен кіммін!» (Таныстыру)
Тәжібаева Айжан Қанатбекқызы
Еңсебаева Жанар Оңайбайқызы
Мыңжанова Фариза Жалғасқызы
Акмурзаева Тәттігүл Сағынғалиқызы
Екінші кезең: «Озық білім – ойшыл маман» (Сұрақ–жауап )
Қане достар пікірлесіп алайық,
Қилы-қилы ойды ортаға салайық.
Сан-саналы асыл ойлар тоғысып
Толғандырған жайды шешіп алайық – дей келе, сайысымыздың екінші кезеңіне кезек берейік.
- А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы? (әліппе)
- Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт, сұлу әйел, ілім –білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт)
- Қазақстан Республикасына еңбегі сіңгені үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден? (Халық қаһарманы)
- Жеті атаны атаңыз? (бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
- Қазақтың соңғы ханы? (Кенесары)
- Білім беру мекемесінің басты құжаты? (жарғы)
- Бес арысты атаңыз? (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы.) - Қазақтан шыққан суретші қыз? (Г.Исмайлова)
- Жеті ғаламды атаңыз? (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер –ортаңғы ғаламы, жер- асты төменгі ғалам.)
- Тарихтың атасы? (Геродот)
- Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды? (тобылғы)
- Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген? (Үркер)
- Жеті жетімді атаңыз? (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәріненде сол жетім.)
- Үш бәйтеректі атаңыз? (Сакен, Ілияс, Бейімбет)
- Қазақстанның жеті кереметін атаңыз? (Қоха Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамағалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
- Ұйқы безінен бөлінетін гормон? (инсулин)
- Елбасымыздың мамандығы? (инженер-металлург)
- Қазақша жыл санау?
Үшінші кезең: «Үйрен де жирен» (Өзге ұлттың киімі, тағамы және биі)
Тәжібаева Айжан Қанатбекқызы – венгр ұлты
Еңсебаева Жанар Оңайбайқызы – түрік ұлты
Мыңжанова Фариза – түркмен ұлты
Акмурзаева Тәттігүл – грузин ұлты
Алданазарова Қасиет Қыдырбайқызы – неміс ұлты
Төртінші кезең: «Тәуелсіздік — тірегім» (Барлығы бірге көрініс қою)
«Тәуелсіздік бізге қалай келді?» тақырыбында барлық қатысушы жас мамандар бірге көрініс қояды.
Зал іші кілем, көрпе, домбыра, тері, шашбаулармен безендірілген. Күй ойнап тұрады. Төрде көрпе үстінде қария, жанында әже отырады. Әженің қолында ұршығы бар.
Көрініс №1.
Ата: Әй,бәйбіше, мынадай мамыражай замандакүйбеңдемей бір тыныштық тапсайшы.
Әже: Әлгі тентек ұлдың баласына жылы шұлық, қолғап тоқып берсем де пайдам тисін дегенім ғой, өзі қайда жүр екен? (осы кезде немересі келеді)
Немересі: Әже, ата қайдасыңда?
Әже: Ау, құлыным не болды?
Немересі: Мен түс көрдім
Ата: Айналайын, ол қандай түс?
Немере: Мен түсімде Алтын адамды көрдім, ол маған жанып тұрған шырақ берді.
Әже: Құлыным жақсы түс көрген екенсің! Еліміз биіктерден көрінеді екен. Жарқырап күн де шықты, тәуелсіздік таңы атты, құдайға мың шүкір дейміз ғой.
Немере: Әже, тәуелсіздік деген не?
Әже: Бұл үлкен әңгіме құлыным. Бұл күнді қазақ халқы қанша уақыт күтті десейші. Сол бір 86-дағы оқиға ел есінен кетер емес.
Көрініс №2.
Алаңда түрлі ұрандар жазылған плакаттар ұстап шыққан жастар. Олар «Желтоқсан желі» әнін орындап өтеді.
Ата: Әй, бәйбіше, сен де қай-қайдағыны еске салып. Қазақ халқы не көрмеді десейші?! Шіркін – ай, тарыдай шашылған қазақ елініңбасын біріктірген үш жүздің өз билерін еріксіз есіңе аласың! (әуенмен Төле би,Қазыбек би, Әйтеке билер келеді).
Төле би: Біз үш жүз – қазақтың ағайынды үш баласымыз,
Жүзге бөлінгеннің жүзі қара.
Руға бөлінгеннің құруға асыққаны
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Қазыбек би: Бір дегенім – бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегенім – егесіп өткен ер жаман.
Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Әйтеке би: Асқар тау сенде бір мін бар, асу бермейсің,
Тасқын су сенде бір мін бар, өткел бермейсің,
Билер, сендерде де бір мін бар, өзгеге сөз бермейсің.
Үш би бірге: Біз үш жүз керіспейік, келісейік,
Халқымыз, ұрпағымыз аман болып,
Ауызбіршілікпен жүздесейік.
Үш би шығып кетеді.
Ата: Ата – бабаларымыз небір зұлматты бастан кешті. Осы билеріміз, бабаларымыз халықтың басын қосты. Найзаның ұшы, білектің күшімен қорғап қалған ұлан ғайыр жерге келер ұрпақ ие болса болғаны да, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Көрініс №3.
- Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес, ол әр сайда домалаған қазақтың басы, төгілген көз жасы.
- Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым, осы тәуелсіздік алғалы емес пе өз елтаңбамыз, өз туымыз болғаны, өз әнұранымыздың көкте шарықтағаны.
- Тәуелсіздік көңілімде тоқ менің
Жаным жалын, көкірегім шоқ менің.
Қазақстан – жалғыз панам Отаным
Барар жерім, басар тауым жоқ менің.
- Біз бейбіт заманның ұрпақтарымыз. Ата – баба аңсаған тәуелсіз елде тұрамыз. Көк туымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды асқақтата шырқаймыз, «Мәңгілік ел» болып жасай береміз.
«Жаса Қазақстан» әні
Сөз құра, тез құра деген сергіту сәті
- Мөлдір моншақ толы жеміс-АНАР
- Допты ойнаған тозар, асық ойнаған-АЗАР
- Өзен суы немен ағады-АРНА
- Киім тігетін шикізат-МАТА
- Тайыншының қысқаша аты-ТАНА
- Спорттық жарыстың соңы-МӘРЕ
- Қорқыныштың синонимі-ЗӘРЕ
- Зорға сөзінің синонимі-ӘЗЕР
- Адам басындағы мүше-ЕРІН
10.Жануарлардың қабығы-ТЕРІ
Қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Марапаттау
Севепова Айнур Нуратдиновна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу селосы,
«Балауса» бөбекжайы» МКҚК
әдіскер, жоғары санатты