Home » Мақалалар » ЖАСӨСПІРІМНІҢ АТА-АНАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

ЖАСӨСПІРІМНІҢ АТА-АНАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағына ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата ана алдында нәзік те қиын, қыр сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол   — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы   ұстаз — ата ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Жасөспірімдік жас сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің   ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып   жатқан   өзгерістерді   түсіне   бастайды. Жасөспірімдік жас барлық салаға өзгерістер әкелумен қатар, денсаулықта да өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық, психологиялық өзгерістер орын   алады. Осы мәселелер бәрі түйінді проблемаға айналады. Бала үшін ол ауыр жүк болып табылады. Ала    да жасөспірім осы кезеңнің сынақ уақыты екенін   әл сезбейді. Сондықтан да сіз жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық және психологиялық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен көмек көрсетуге тура келеді. Жасөспірімдік (10,11 жастан 13-14 жасқа дейін) бала мен оның ата-анасының   өміріндегі күрделі де жауапты кезең болып табылады. Бұл жас даму мен өмірдің барлық жақтарын қамитын сапалық өзгерістер   болатындықтан, дағдарысты жас болып есептеледі.

Бала ағзасында салмақты физиологиялық өзгерістер болады:

  • Ағзаның жыныстық қызметін   реттейтін жаңа гармондар пайда болады;
  • Жаңа гармондардың әсерімен   жасөспірімнің   жүрек қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады, қан қысымы мен күре қан тамыр   қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді;
  • Гармондардың әсері иммундық жүйенің әлсіреуіне   әкеп соғады; нәтижесінде жасөспірімдер түрлі созылмалы ауруларға шалдыққыш келеді;
  • Сыртқы келбетіне көңіл бөлу құрт өзгереді;
  • Физикалық «меннің» жаңа бейнесі қалыптасады;

Ең күшті өзгерістерге ұшырайтыны жасөспірімнің жүйке жүйесі; Гармоналдық және физиологиялық өзгерістердің әсерімен оның эмоционалдық және мінез құлық реакциялар өзгереді.

  • Қызбалық пен ашушаңдық күрт өседі;
  • Мазасыздық, агрессия туындайды, жұмысқ қабілеттілік төмендейді;
  • Тілазарлық, дөрекілік, жанжалшылдық, ересектерге себепсіз қарсы шығу байқалады;
  • Мұғалімдерге қатысты теріс әрекет ету, өзінің тәуелсіздігін даңғойлықпен паш ету көрініс табады;
  • Жасөспірім өз құқығын қорай отырып, өмірінің көптеген тұстарын ата аналарының бақылауынан қорғайды және олармен жиі жанжалдасады;

Эмоционалдық тұрақсыздық көңіл күйдің ауытқуына әкеледі. Жасөпірімді өз үлгіңізбен тәрбиелеңіз. Жасөспірімдер ересектер тарапынан болатын кез келген екіжүзділікті бірден сезеді.

Мына жағдайларды қадағалап отыруы қажет.

  • Жасөспірімнің   дұрыс тамақтануын;
  • Күн тәртібін сақтауын ұйқы тәулігіне   он сағаттан кем емес.
  • Таза ауда көбірек болуын;
  • Ұдайы дене жаттығуларын жасауын немес спортпен шұғылдануды бастауын;

Есіңізде болсын: Жасөспірімнің сыртқы келбетіне байланысты   болатын уайымдау жағдайына мән бермеуге мүлде болмайды. Дене сұлулығы, физикалық тартымдылық туралы әңгіме есейіп келе жатқан   жасөспірімнің жүрегіне   жол табудың ең қысқа тәсілі.Оны тыныштандыруға, оптимизм ұялатуға тырысып, көңілге қонымды сөздер таба біліңіздер. Сіздің сөзіңіз өзін өзі бағалауына орасан зор әсер етеді. ейде ата ананың ойланбай   айта салған сөздері бүкіл өмір бойы ұмытылмайды және есейген адамның өзіне көзқарасын, ер мен әйел қатынасына   көзқарасын   айқындайды. Бала әр жанұяның бақыты. Олай болса, бақытымызды бағалай білейік.

Таңшолпан ТАСҚЫНБАЙҚЫЗЫ,
«Мұрагер» мектебінің биология пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.