Home » Жаңалықтар » ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА БАҒЫТ АЛУ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА БАҒЫТ АЛУ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

2017 жылдың 7-ақпанында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (ДББҰ) арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты — Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ орнатқан серіктестігі аясында өзара қызығушылық тудыратын салаларда, атап айтқанда қоршаған ортаға байланысты инновациялық жоба, экологиялық хабардарлық білім беру аймағын бірлесіп ілгерілету.

Ресми іс-шара барысында БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел және Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидиновамен келешекте мектеп қабырғаларында Тұрақты Даму мақсаттары аясында білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін арнайы жобалар мен бағдарламаларды қамтитын практикалық демо-алаңдарын қою мәселесі талқыланды. Өз кезегінде бұл шаралар «жасыл» экономикаға көшудегі инновациялық озық тәжірибені жан-жақты көрсету және өрлетудің жолы болып табылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.