Home » Жаңалықтар » ӨМІРІН ӨЛЕҢІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН

ӨМІРІН ӨЛЕҢІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН

8 ақпан күні Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай әдеби-сазды кеш өтті. Шынайы поэзия өкілі, Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында кітапхананың белсенді оқушылары мен ұжымы ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы Қалқаман Сарин, Халықаралық Бакалавриат және физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Кешке келген қауым ақынның танымал жырларын оқып, өмірбаянына қатысты қызықты оқиғаларын тыңдап, еске алды. Өз кезегінде кешіміздің арнайы қонағы Қалқаман Сарин ағамыз М.Мақатаев мұраларының өміршеңдегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып өтіп, оқушылармен сұхбат жүргізді.

Іс-шара барысында белсенділік танытқан оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтарға ие болды.

Бүгінгі кешті қорытындылай келе, Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевты ортамызда әлі де тірі екеніне көз жеткіздік. Еске алып оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә болып отыр.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.