Home » Ашық сабақтар » Жасыл шырша жанында

Жасыл шырша жанында

Мерекеге сай безендірілген залға балалар қолдарына шырша ұстап кіреді.Музыка ырғағымен қимыл жасап қолдарындағы шыршаларын үлкен шыршаның қасына қояды.

Тәрбиеші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық акелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Тәрбиеші:Төгілтіп көк жүзіңнен ақшақарды,

Ақ көрпе жапты бүгін  бақшаларды.

Мен келдім есіктерді ашыңдар деп,

Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Тәрбиеші: «Күншуақ» тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертенгілікті ашық деп жариялаймыз.

Ән: « Жаңа жыл»

Маша: Қандай әдемі.Бұл жерде сыйлықтар көп шығар?

Тәрбиеші: Маша сен адастың ба,не іздедің?

Маша: Мен көп сыйлықтар іздеп жүрмін.

Тәрбиеші: Мұнда сыйлықтар өте көп. Бірақ бұл сыйлықтарды жайдан –жәй ала алмайсың.Ол үшін біздің балалар өз өнерлерін ортаға салып жатыр.Бізбен бірге отырып балалардың биін тамашала.

Би: «Санта клаус» биі

(Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сыйқыршы: Бәрекелді, балалар!Айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері  бар екен.Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қәне менің сыйқырлы таяғымның көмегіммен, сендердің  әдемі сөздеріңмен шырша шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады.

Тәрбиеші: Мәне керемет. Ендеше, шыршамызға арнап тақтақтарымызды айтайық.

Маша: Мына шарша көздің жауын алады екен.Мен мына шыршаны алып кетем. (шыршаға жақындай бергенде )

Сыйқыршы: Машажан сен бұл шыршаны алып кетсен балалардың мерекесін бұзасың.Жүр мен саған өзімнің сыйқырыммен адемі шырша  жасап беремін.

( Сыйқыршы мен Маша  қоштасып шығып кетеді)

Би: «Шырша»биі

Тәрбиеші: Балалар біздің шыршамыз көңілденді.Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспей тұрған сияқты.

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Олай болса ортаға Аяз ата Ақшақарымызды шақырайық.

Бәрі: Аяз ата, Ақшақар 3рет.

Жалмауыз кемпір: Мен тыныш ұйқыда  болатынмын, қатты айқай-шу, тасыр-тұсыр шошып ояндым.Не болып қалды деп сұрасам, бәрінің айтатыны  бір-ақ сөз «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» дейді.

Жоқ, жоқ.Оған жол бермеймін,

Жақсылыққа көнбеймін.

Жаңа жылға енбеймін

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ әманда.

Тәрбиеші: Мұның не жалмауыз кемпір.Біздің балалар көңілді жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр.

Жалмауыз кемпір: Олай болса менің де көңіл күйімді көтерім менімен ойын ойнаңдар.

Ойын: «Қар домалат» балалармен

Жалмауыз кемпір: Балалар көңілімді көтерді.Енді ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр.

Жалмауыз кемпір:Аяз ата мен Ақшақарды адастырып жіберген мен едім. Мен сендермен ойын ойнап көңілім көтеріліп қалды.Ақысына Аяз ата мен Ақшақарды сендерге жіберейін.Сау болыңдар балалар!

Бәрі:Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата, Ақшақар

Біз сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға

Аяз ата, Ақшақар 3-рет

(Әуенмен бірге Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме балалар,Сәлеметсіңдер ме ата-аналар

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Бойларыңда өсіпті

Ал кәнекей балалар айтыңдаршы таныдыңдар ма мені

(Балалардың жауабы)

Ақшақар:Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірген маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзіммен

Күміс сәйле тарайды.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдің

Әсем ән де, би де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Ән: «Ақшақар»

Би: «Ұлпақарлар» биі

(Тәрбиеші шырша жанынан арқанның ұшын көреді.Не екен деп арқанды тарта бастағанда, арқанға байлаулы Қарша қыз шығыды.)

Қаршақыз: Амансыңдар ма, балалар! Мені өгей анам орманға апарып тастады.Адасып сендерге кезіктім.Орманда қорқынышты, ал мұнда сондай тамаша екен!Сендерге кезіккеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Амансыңба Қаршақыз.Бізбен бірге жана жыл кешін тойла.

Би:  «Ергежейлілер»

Ән: «Аққала» жеке ән

Ойын ата-аналармен:

1-ші ойын «Шырша безендіру»

2-ші ойын «Аңдардың дыбысы мен жүрісін көрсет»

Би: «Аққала» биі

Аяз ата: Ал балалар менің сендермен қоштасатын кезім келді. Сендер өнерлі балалар екенсіңдер.Сендерге ақ жол.Жаңа жыл құтты болсын!!! Ал Қарша қыз сен бізбен жүр. Сау болыңдар балалар.

Ән: «Шырша»

Тәрбиеші:

Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл дей келе «Жасыл шырша жанында» атты ертенгілігімізді аяқтаймыз.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар осымен ертенгілігімізді аяқтаймыз.Жаңа жыл сіздерге бақыт, шаттық, береке акелсін.Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар.

 

 

Аминова А.А.,
Ақтөбе қаласы,
№26«Үміт» Мектепке дейінгі ұйым
ортаңғы «Күншуақ» топ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.