Home » Балабақша » Жалпы ережелер

Жалпы ережелер

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінің алдына «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беруге балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше үйрену дағдысы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» міндеті қойылды.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының 2018-2019 оқу жылында меншік нысаны мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан барлық түрлерінде білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындауға сапалы білім беру қызметін ұсынуға бағытталған.

Аталған мақсатты іске асыру үшін 2018-2019 оқу жылына келесі міндеттер айқындалды:

— балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;

— балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» кіші бағдарламасы);

— ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту;

— балалардың тарихқа, табиғатқа, мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру;

— балаларды мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.

Білім беру процесін ұйымдастыруда келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу ұсынылады (1 қосымша):

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы);

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқстандағы №557 бұйрығы) ( бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспары);

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы);

— Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы);

— Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығы);

— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы) және басқалары.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінің алдына «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетіндамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беруге балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше үйрену дағдысы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» міндеті қойылды.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының 2018-2019 оқу жылында меншік нысаны мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан барлық түрлерінде білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындауға сапалы білім беру қызметін ұсынуға бағытталған.

Аталған мақсатты іске асыру үшін 2018-2019 оқу жылына келесі міндеттер айқындалды:

— балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;

— балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» кіші бағдарламасы);

— ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту;

— балалардың тарихқа, табиғатқа, мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру;

— балаларды мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қазіргі таңда ерекше көңіл бөлініп отыр.Осыған орай, балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше үйрену дағдысы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу міндеті қойылды.

Мектепке дейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігін, шығармашылық өсуін және жұмыс сапасын арттыруда жетекші және педагог кадрлардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін әдістемелік жұмыстарды дамыту мақсатында Бәйдібек ауданында 20 балабақша мен 39 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар жұмыс істеуде.

Балаларды ( 3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі №243 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай 2019 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жастағы балаларды қамту үлесі 100%, оның ішінде 2018 жылы 3-6 жастағы балаларды қамту үлесі ҚР Премьер-Министрі мен ОҚО әкімі арасында негізгі индикаторларға жету бойынша бекітілген Меморандумда 87,5 %  -дан 93 %-ға міндеттеліп өзгеріс енгізілуіне байланысты, Бәйдібек ауданында осы бағыт бойынша жұмыстар атқарылып, 99,6%-ды құрады.

Балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша, 1наурыз, 2018 жылы Шаян ауылындағы «Айсұлтан» бөбекжай балабақшасы «Мектеп жасына  дейінгі балаларға үш тілділікті дамыту жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті.Бүлдіршіндер үш тілде тақпақтар мен сахналық қойылымдар қойып, көрермендер мен қонақтарды тәнті етті.Балабақша директоры Күнділдаева Айгүл өзінің педагогика саласындағы көп жылдық еңбегінің арқасында аудан, облыс көлемінде жетістіктерге жетіп отырған білікті маман.

25 сәуір 2018 жылы Ағыбет ауылындағы «Айсана» бөбекжай балабақшасы «Шуақты көктем» тақырыбында аудандық семинар өтті. Балалардың тарихқа, табиғатқа, мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында өткен семинар өз дәрежесінде өтті. Балабақша директоры Сұлтанбекова Қызбике семинарды күннің шуағы төгіп тұрған, қызғалдақтар жайқалып,гүлдеп тұрған кезде өтіп,үлкен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

18 мамыр 2018 жылы Майбұлақ өңірі, Алғабас ауылындағы «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы « Рухани жаңғыру басы – мектепке дейінгі балалардың тәрбиесі мен оқыту сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Балабақша директоры Игенбекова Раушан — балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу, патриоттық сезімге,отансүйгіштікке баулу мақсатын алға қойған тәжірибелі маман.

07 қараша күні Кеңестөбе ауылы, «Шұғыла» бөбекжай балабақшасында «Ертегі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында өткен аудандық семинарда ертегі арқылы баланың жеке басының іс-әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ,білім беру мен тәрбиелеу жұмысын көрсете білді.Балабақша директоры Азатова Лазат көп жылдық еңбек өтілі бар маман.

2018 жылы Жамбыл ауылындағы «Айсұлу» бөбекжай балабақшасының директоры, білікті маман — Жақсыгүл Тұрлыбекованың «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастыруымен «Заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы баланы жан-жақты дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтіп,ата-аналардың ризашылын алды.

Ауданымыздағы алдыңғы қатарлы,заман талабына сай бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған «Шапағат» бөбекжай балабақшасы жыл сайын аудандық, облыстық семинарлар беріп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің білім беру жүйесінің сапасын арттыру, кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында балабақша директоры Аширова Қайыркен аянбай еңбек етіп келеді. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай және ауданымыздың 90 жылдығына арналған үлкен іс-шарада бүлдіршіндердің бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген құрмет айтқан әндері мен тақпақтарында көрініс тауып жатты.

Бүлдіршіндерге саналы тәрбие мен білім беруде аудандағы балабақша тәрбиешілерінің еңбектері зор. Атап өтетін болсақ, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесінде белсенділік танытқаны үшін «Бақыт» балабақшасының тәрбиешісі Әбенова Сәбира облыстық білім басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың марапатын иеленді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жоспарына сәйкес, «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңінде «Айсана» бөбекжай балабақшасының музыканты Р.Серікбаева бас жүлде алып, облыстық кезеңнен жүлделі 2 орынды иеленіп қайтты.

Н.Ә.Назарбаев«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәлдениетімізді, өз тарихымызды, бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» демекші, осы қасиеттерді балаларымыздың бойына сіңіру мен меңгерту ең алдымен мына біз, педагогтардың қолында.

 

 

Базарбаева Гүлдария Оспанбекқызы,
Түркістан облысы
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің
мектепке дейінгі ұйым әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.