Астана қ.
№75 «Балалық шақ» балабақшасының әдіскері
Ахметова Райхан Сарманқызы
«Жасыл шырша жанында»
СЦЕНАРИЙІ.
Басты кейіпкерлер: Қар ханшайымы, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, Петрушка, Жылқы, Қой
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің жүргізілуі.
(Суық музыка әуенімен зал ортасына Қар ханшайымы шығады)
Қар ханшайымы:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,
Қанаттана кең әлемге тарайды.
Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,
Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.
Жаңа жыл-жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл- ақ арманның өрленуі.
(Музыка әуенімен залға балалар кіреді)
Қар ханшайымы:
Как красиво в нашем зале,
Мы друзей своих созвали,
Веселится весь народ,
Мы встречаем
Барлығы бірге: НОВЫЙ ГОД
Ән: «Кішкентай шыршамыз»
Қар ханшайымы: -Балалар, бізге қонақ келген сияқты, тыңдаңдаршы сендер естіп тұрсыңдарма?
(Музыкамен ортаға Ақшақар шығады)
Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,
Сұлу айдай қиылып.
Жаңа жылмен құттықтап,
Сәлем берем иіліп.
Есенсіз бе, балалар,
Бүгін міне ортаға,
Келіп қалды жана жыл,
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп, кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы достар көбейсін.
Қар ханшайымы: -Сәлеметсізбе, Ақшақар! Бүгін біздің бақшамызға көп қонақтар келді, балалар да көңілді, әсем шыршамызда бар, ал біздің асыға күткен Аяз атамыз қайда?
Ақшақар: —Балалар, Аяз ата сендерге көп сыйлық әкелу үшін қоржынын сыйлықтарға толтырып жатыр, сол себепті мені сендерге осыны айтып ескерту үшін жіберді.
Ал, қанекей, балалар,
Ән мен жырға бастайық.
Той думанды жалғайық,
Шыршамызды айналып,
Би билейік, ән салып.
Баршамыз да жыр салып.
Би: «Снежинка»
(Биден кейін Ақшақардың телефоны шырылдайды)
Ақшақар: -Ой, маған Қоян звандап жатыр. Алло! Не! Балалар, бізге Мыстан кемпір келе жатыр екен. Ол өте қауіпті және қу. Тек біздің мерекемізді бұзбаса болғаны.
Қар ханшайымы: -Балалар, біз мерекені бұзуға жол бермейміз. Солайма, балалар!
Балалар: -Иә.
(Осы кезде ортаға Мыстан кемпір келеді)
Мыстан кемпір: -Уууууууу мен, мен Мыстанмын, жаңа жыл, жаңа жыл, мені, мені қарсы алыңдар! Менсіз бұл тойды өткізіп жатсыңдарма? Қане, барлығымыз бірге билейік. Менің де сендермен билегім келеді уууууу.
(Мыстан кемпір балалармен би билейді)
(Дауылдың дыбысы естіліп, Аяз ата «Jingle bells» музыкасына бірнеше кішкентай аяз ата киімін киген балалармен бирге билеп шыгады. )
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді-ау алыстан.
Ақшақар: -Сәлеметсізбе, Аяз ата! Сіз бізге сыйлықтар әкелдіңізбе?
Аяз ата: -Әрине, сыйлықсыз бұл мерекені өткізуге болама? Балалар, мына шырша көңілсіз болып тұрған сияқты ғой, қане сыйқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық. Қане, барлығымыз бірге мына сөзді айтайықшы: «Қуант, бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат».
Барлығы бірге:
Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
(Осы кезде шыршаның шамдары жанады)
Аяз ата: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса!
Ақшақар: Ал, балалар, балалар,
Орнымызда тұрмайық,
Бүгінгі мереке арнаған
Жырымызды шашайық.
Тақпақтар
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Ән: «Шырша»
Аяз ата: -Ой, бәрекелді, жарайсыңдар, мен жолдан шаршап келдім тағы қандай тақпақ айтады екен.
Тақпақтар
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Ақшақар:
Балалар мен бүлдіршіндер,
Қуанышқа тоймайық.
Мерекелік кешімізде,
Асыр салып ойнайық.
(Ақшақар балалармен ойын ойнайды. Ортада «Веселые игрушки» әуеніне аңдар билейді)
Петрушка: -Жаңалық, жаңалық, тыңдаңыздар, тыңдаңыздар мен сендерге хабар әкелдім.
Қар ханшайымы: — Қандай хабар, не болды екен?
Петрушка: -Көріңдер, мында қараңдар!
(Музыка ойналып тұрады. Ортаға жылқы шығады)
Жылқы:
Он екі айым ел бақытын өңгерген,
Ел табысын кереметке теңгерген.
Жаңа жылға айтар сөзім бар менің,
Мен қалайша қоштасамын сендермен.
Қар ханшайымы: — Жылқы жылы, біз саған өзіміздің рахметімізді білдіріп, сыйлық дайындадық, осыны қабыл алыңыз.
Ән: «Шыршы жыры»
(Музыка әуенімен ортаға қой шығады)
Қой: -Селеметсіздер ме! Мен кешіккен жоқпынба? Мен сондай асықтым, кешігіп қалмайын деп жүгіріп келдім.
Қар ханшайымы: — Жаңа жыл келді жеріме,
Жаңа жыл келді еліме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Жаңа жыл шықшы төріме.
Би: «Арам зам-зам»
Аяз ата: -Ал, айналайын Жаңа жыл, кел қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау қонақтарым, бір өзіңе аманат, он екі ай бойы бағып қақ, жақсы жыл бол, дария нұр бол Жаңа жыл!
Балалар:
- Ар бол жаңа жыл!
- Бар бол жаңа жыл!
- Қадамың құтты болсын жаңа жыл!
- Бейбітшілік пен құт береке жылы бол жаңа жыл!
Қар ханшайымы:
Жаңа жыл келді міне жерімізге,
Әкелсін құт –береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындықты жолатпасын бәрімізге!
Қош келіпсің жаңа жылым, сырлы сағым,
Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.
Жайсын маған қызығып күн құшағын,
Тоссын саған ғажайып түн құшағын!
Ақшақар:- Жаңа жыл құтты болсын, бақытты балғындар!
Аяз ата: -Келесіде кездескенше, қош сау болыңыздар!
Жеке ән: «Жаңа жыл»