Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес.Адамдардың бағыт бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Себебі мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде арман болмас.
Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын..
Әрбір мұғалім әр оқушының мінез — құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбиежұмыстарына бейімдеу қажет.
Менің мамандығым -Тәрбиеші. Ізденіс үстіндегі жас маманмын.
Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес бұл менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай емес. Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына сай білім беру өте жоғары деңгейді талап етеді. Оған білім,тәжірбие және үлкен шыдамдылықты қажет етеді.
Біздің мақсатымыз балалардың тәрбиесіне аса көңіл бөліп,оларды алдағы өмір сенімдерін және оқып білім алуға құштарлығын арттыру. . Әр тәрбиеленуші балалардың көңіл -күйіне мән бере отырып,олардың білім алуына құштарлықтарын арттыру.Ата-аналарымен күнделікті кездесу барысында балаларының жетістіктерімен бөлісе отыру. Балалар ата-анасына қандай сезімде болса,тәрбиеші де өзіне сол сезімді сездірте білсе, жұмыс жасау барысы өз нәтижесін көрсетеді деген сенімдемін. Балалардың сеніміне кіре отырып, еркін тәрбиелеуге, тәртіпке үйретуге көмегін тигізеді. Жаттығу, ас ішу кезіндегі ұқыптылықты сақтау, киімдерін тиянақты жинау, оқу-құралдарын күтіп ұстау әр баланың дұрыс қалыптасуына жақсы әсер етеді. Мен күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметімде балаларды кішіпейілділікке қамқоршылыққа отбасына, жақындарына және айналадағы қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйретудемін. Олар өзүйіне, балабақшаға, ауылына, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, олардыәдептілікке, адамгершілікке, бауырмалдыққа бар күш жігерімді сала тәрбиелеудемін. . «Жарқын елдің шамшырағы-жас маман» тақырыбына эссе жаза отырып, өзімді көптеген бала бағбаны бола білген тәрбиешілердің бірі ретіне ену жолында бар ықыласымды, ынта жігерімді ең үлкен қасиет баланың өз болмысын құрметтей білу сезімімді аямауға жұмыстанудамын. Бауыр еті баласының тәрбиесі мен оқуға деген құштарлықтарын оятып саналы азамат етіп, тәрбиелейді деген сеніммен берген ата-аналардың сенімін ақтау үшін, тәрбиеші бар күш-жігерімен жұмыс атқаруы міндетті деп санаймын. Балаларынан күткен үлкен үміттеріне жетуіне ата-ананың басты рөл атқаратынын ата-аналарғада жеткізу міндетіміз.Әр тәрбиеші ана, психолог, болуы керек. Тәрбиеші қызметін атқаруда қазіргі заманғы озық істәжірбиелермен, ақпараттық жаңа технологияларды пайдалана отырып, бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру басты міндетім деп есептеймін. Әр адамның мақсаты бар, менің негізгі мақсатым, ол өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек етіп келемін.
Тукенова Р.
тәрбиеші