Home » Жас қалам » Жарқын «Болашақ»

Жарқын «Болашақ»

«Болашақ — бүгінгі жастардың қолында» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай еліміздің дамуы өсіп келе жатқан ұрпақтың яғни, біздің қолымызда.

Өзіме келер болсам, «Болашақ» мектебінде 5 «ә»-сыныбында оқимын. Ұстаз деген- ұлы тұлға дегендей, ұстаздарымның әрбір сөздерін, берген тәлім- тәрбиесіне, біліміне басымды иемін және құрметтеймін. Абай атамыз «Атымды адам қойған соң, болайын қайтып надан» демекші надан болмай, Қазақстанның өсіп өркендеуіне өз үлесімді қосудан аянбаймын. Өзімнің құрдастарыма «Болашақ» мектебінде оқуға кеңес беремін. Өйткені мектебіміздің мүмкіндігі өте зор. Оқушылардың жетістіктері де көп. Мектебім өзіме ұнайды, мақтанамын. Жас болсам да, армандарым өте көп. Үлкен болып өскенде Құлашпаев Саттар атама ұқсаған бастық боламын. Болашақ — бүгіннен басталады!

Мектеп оқушының баспанасы
Балалардың асқақ арманы

Он бір жыл бойы тәрбие, білім аламыз

Қызықты күндерімізді ұмытпаймыз.

Мектебім менің «Болашақ»

Армандарым жаңаша

Білім берген ұстаздарға

Айтамын алғыс балаша

Болашақты бастаған

Құлашпаев Саттар атам!

Білім алып, ержетіп

Үлкендерден алғыс алам.

 

Мұқтар Жантуар Мадиярұлы
«Болашақ» мектебі
5 «ә»-сынып оқушысы
Жетекшісі:
Шагирбаева Жулдыз Алмасханова

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.