Home » Ашық сабақтар » Жапырақ тамырдан нәр алады

Жапырақ тамырдан нәр алады

Мақсаты: педагогтар, тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Барысы:

  1. Сәлемдесу
  2. «Атымдар мен молекулалар»
  3. Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
  4. Ситуациялық сұрақ
  5. «Өз жұбынды тап»
  6. Мода
  7. «Майшам»

Ұйымдастыру.

Психолог: Құрметті тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, “олар кімдер?”, “біз кімбіз?”, “өзімізді-өзіміз танимыз ба?” деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның дами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

Сәлемдесу.

  • Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен.
  •                                                                      «Атомдар мен молекулалар»
  • Әр қатысушы- жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.                                       
  •                                                   Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
         1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудейсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңіздің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
  •      2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.
  •     3. Ақылды және ойшыл жансыз.Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.
  •     4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
  •     5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз – олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
  •     6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
  •    7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.
  •     8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.
  •      9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір — сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.                                                                                        Ситуация.
  1. Бүгін сағат алтыда біздің үйге келші.
  2. Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайықшы.
  3. Жексенбі күні сағат 7-те менің туған күніме кел.

                                                                                          Өз жұбынды тап»

Педагогтарға аңдардың аты жазылып оралған қағаздар таратылады. Ол аңдар екі екіден жазылған олар ымдап қимылмен бір бірін табу керек.

«Мода»

Бөлінген топтар қатар-қатар тұрып мода көрсетеді. Өздерінің қалаулары бойынша.

                                                                                           «Май шам»

Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұстазға беріледі. Ол алдындағы педагогты  3 сөзбен ғана  білдіріп, шырақты мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға жарық деген жақсы нәрсе сондықтан да алдымыз ашық жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз..

               Қатысқандарыңызға көп рахмет!

Каржаубаева Маржан

                       «Құлыншақ» балабақша әдіскер-психологы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Құрық ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.