Home » Мақалалар »  ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

 ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Еліміздегі ертеңгі тізгін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай, өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, басшы Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы өз ісіне берілген жан.

Гүлнар Мырзахметқызы 2014 жылдан №3 Аршалы орта мектебінің директоры болып еңбек етіп келеді. Іскер басшы, білімді ұстаз, педагогикалық ізденісі мол шығармашыл. Ұжымда беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жастарды үнемі қолдайды. Жоғарғы еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді, талапшыл.Гүлнар Мырзахметқызы мектеп басқаруда қызметтік міндеттерін адал орындайды. Жауапкершілігі мол, табандылық пен бастамашылық, мектепті дамытуға нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүйелі басқаруда іскер басшы.

Аршалы ауданындағы қаймағы бұзылмаған  қазақ мектебінде жаңадан білім айдынына құлаш ұрған білім ордасының іргелі де озық ұлттық білім ошағына айналып, жаңа мазмұнды оқыту жүйесіне көшу кезеңінде көп күш салуда.  Мектеп түлектері жылма жыл жоғары оқу орындарының гранттарын иеленуде. Сонымен қатар ұлттық болмыстың тілдің жанашыры. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепте ата-аналар мен оқушылар арасында «Бесігін әнмен тербеткен отбасы» атты үлкен көлемде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ел азаматтарының төрағалық етуімен ауқымды байқау ұйымдастырды. Сонымен қатар Мектеп пен Жоғары оқу орындары Астана университеті, Маңғыстау университеті, Орталық Азия университеттерімен  ынтымақтастығы аясында Республикалық Астананың 20 жылдық мерей тойына сәйкес «Мен – мәңгілік ел ұланымын» атты оқушылар арасында ғылыми жоба, мәнерлеп оқу, жас ақындар, суретшілер байқауын ЖОО профессорларының төрағалығымен ұйымдастырды. Бұл айтулы шараға республика мектептерінің үздік оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз еңбек етуде. Оның жеткен жетістігі шыққан асуынан гөрі әлі де қоғамға берері мол. Еңбегіне табыс, мол жетістіктер тілеймін.

 

Князова К.Ж.
Ақмола облысы
№3 Аршалы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.