Home » Мақалалар » ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді.

Жаны жайсаң, көңілі ашық, мектебіміздің ұлағатты ұстаз ретінде аудан мәртебесін асқақтатып жүрген, сабырлы мінез, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды әріптесім, №3 Аршалы орта мектебінің бастауыш сынып ұстазы Бимендина Ақмарал Мұқтарханқызы.
Ақмарал Мұқтарханқызы – өз тәжірибесінде дарынды және талантты оқушылар тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар ата-аналармен жұмыс жүргізуді дұрыс жоспарлай біледі және ата-аналар тарапынан құрметке ие ұлағатты ұстаз.

Шәкірттерінің бойына сіңірген тәрбиесінің арқасында оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері. Соның бірі былтырғы 2017-2018 оқу жылында Астан университетінің ұйымдастыруымен Халықаралық конференцияға Балташева Ару атты оқушысы қатысып 1 орынға ие болып конференцияға қазылық етіп отырған профессорлардың игі назарына ие болды.

 

Иә, шындығында да дана Абай атамыздың: «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті:  ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген сөзі әріптесімнің бойынан табылады.

 

Жүсіпбекова Ә.Қ.
Ақмола облысы,
№3 Аршалы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.