Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың саны 532-ге жетті. Яғни 2018 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда биыл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 55-ке дейін артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.
Бүгінде мектепке дейінгі білім мекемелерінде 54582 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1-6 жас аралығында қамтылғандар үлесі 68%-дан 84%-ға артса, 3-6 жас аралығында қамтылғандардың үлесі 90,2%-дан 98%-ға артты.
Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтудің бір жолы – жекеменшік әріптестікті тарту. Осы мақсатында 2018 жылы өңірде 6041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бүгінде облыста 156 жекеменшік балабақша қызмет етеді. Онда 13977 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегіндегі бала саны 9289-дан 1104 балаға дейін төмендеді.
Ағымдағы жылы 2874 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда.
Жансая Құрманғалиқызы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
«Білім айнасы»