Home » Жаңалықтар » Жамбылдық оқушы мүлде көрмейтіндерге аяқ киім жасады

Жамбылдық оқушы мүлде көрмейтіндерге аяқ киім жасады

 Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында оқушылар мен студенттер арасында робототехника бойынша облыстық «KazRobotiсs» чемпионаты өтті.

Сайыс мақсаты – балалардың инновациялық жаңа технологияға ынтасын арттыру. «Қазақстандық білім беру және спорттық робот техникасы «КазРоботикс» федерациясы» қоғамдық бірлестігі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен құлтемірлер сайысына облыс бойынша 300 оқушы қатысып бақтарын сынады.

6-21 жас аралығындағы жеткіншектер А, В және С Лигаларына бөлінген сызық бойымен жарыс, кегельринг-квадро, робо-сумо, биатлон, эстафета және лабиринт санаттары бойынша жарысты.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің үздік жобаларын ұсынды. Бірі көзі нашар және мүлде көрмейтін азаматтарға арналған аяқ киім жасап шығарса, екіншісі үйде өрттің шыққандығы туралы сигнал келетін құрылғы ойлап тапқа.

Чемпионаттың іріктеу кезеңінің нәтижесінде қатысушылар барлық санаттар бойынша І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, сертификаттармен, дипломдармен марапатталды. Ал командалық есепте І-орынды Тараз қаласының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ-орын Жамбыл ауданының командасына бұйырса, ІІІ-орынды Меркі ауданының командасы иеленді.

Облыстық кезеңнен І-орын алған жеңімпаздар ағымдағы жылдың қазан айында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алып, өңір намысын қорғайтын болады.

Жансая Құрманғалиқызы,
«Білім айнасы»,
Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.