Home » Баяндамалар » ЖАЛАУ МЫҢБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

ЖАЛАУ МЫҢБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Мыңбаев Жалау (1892 бұрынғы Адай уезі Құнан-Орыс ауылы) — Алаш ардақтысы, қаламы қарымды журналист, публицист, Маңғыстауда кеңес өкіметін орнату жолындағы белсенді күрескер,көрнекті мемлекет қайраткері. Кедей шаруаның отбасынан шыққан. Т.Г. Шевченконың »Қазақ қызы — Катя» деген суреті – Мыңбаевтың әжесі Ботакөздің бейнесі. М.Форттағы екі сатылы орыс-қазақ мектебінің үш класын бітірген, Тұз өндірісінде жұмысшы,арбакеш болып жұмыс жасады.

Жалау Мыңбайұлы қаламынан жел ескен әрі тегеурінді, қайсар публицист. Жалауды публицистикаға алып келген сол тұстағы қоғамдық формацияның жай-күйі, өскен ортаның сұранымы, қажетсінуі, өз халқына деген қамқорлық, сүйіспеншілік, жан-жақты білім, ерекше дарын-қабілет публицистикаға иек арттырды. Ал, оны публицистикаға әкелген — сол кездегі саяси дүмпулер болды. Халыққа соны жеткізу мақсатында Жалау публицистика майданына қызу кірісіп кетті.
Мыңбайұлының қара танып, сауат ашуы Фортпен тығыз байланысты. Әжесі Жалауды сол қаладағы үш сыныптық орыс-қазақ мектепке алып барады, ол мектепте Жалау өзі қатарлас Нұрсұлтан Оңғалбаев, Төлесін Әлиев, Зұлқарнай Баймұрзаев, Нәдірбай Айтақов сынды жалынды жастармен бірге білім алады. Сол білім ордасының бір түлегі, тұңғыш Қызыл Ту орденінің иегері, 1919 жылы Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысқан Қылыш Нәдірбаевтің ағасы Қалабай өз естелігінде Жалау, Нұрсұлтан, Төлесіндер туралы былай дейді: «Олардың біліміне, зерделілігіне жететін жан жоқ қой, олар сөйлесіп тұрып та қазақшаны орысшаға, орысшаны қазақшаға қолма-қол аударып айта беретін», — дейді. Осы сөздерден кейін мектеп қабырғасында жүріп олардың дүниетанымы қалыптасып, өмірге деген көзқарастары түзіле бастағанын аңғаруға болады.

1905-1908 жылдары Форт-Александровскідегі (Ақтау қаласы) екі сатылы орыс-қазақ мектебінде білім алған. 1917 жылдан Маңғыстау уездік кеңесінің мүшесі. Сол жылы желтоқсанда Түркістан (Қоқан) автономиясын Маңғыстау өңірі адайларының қолдайтындықтарын білдіру мақсатында Қоқанға барды. Мұстафа Шоқаймен осы жолы танысқан ол, 1919 жылы көктемде оны теңіз арқылы шетелге шығарып салды.

1918 ж.Қызыл Ротаның шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Бірлік партиясы жастар ұйымының төрағасы,1922 ж. 22 мамырда интервенттер мен ақ гвардияшылардың біріккен күші Еділ-Каспий флотын кейін шегіндіріп, уақытша жеңіске жеткенде Мыңбаев ату жазасына кесілді, бірақ халықтың талап етуімен аман қалды. Мыңбаев Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық-түлік бөлімінің бастығының орынбасары, Ревков мүшесі және Адай уездік милиция бөлімінің бастығы, Адай Совдепі төрағасының орынбасары, Орал губернаторының аткомының, Қазақстан ОАК-нің, содан кейін Гурьев округтік атқару комитетінің төрағасы болып істеді. 1919 жылы көктемде оны теңіз арқылы шетелге шығарып салды. 1919 жылы «Бірлік» жастар ұйымының төрағасы, 1920 – 23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық-түлік бөлім бастығының орынбасары, Адай уездік милиция бастығы, Адай уездік ревкомының (1923 – 24) төрағасы қызметтерін атқарды. Мыңбаев БК(б)П 14 съезінің, Қазақ облысының 3-5 партия конференцияларының, Қазақстан Кеңестерінің 4-6 съезінің делегаты. Ол кезінде орталықтың солақай саясатын сынға алып, балама жол ұсынған қайраткерлер С.Садуақасов, Н.Нұрмақұлы т.б. тобында болды.Қазақстан өлкелік комитетінің 3 пленумында оларға ұлтшыл, өлкелік комитетінің »сара жолына» қарсы болды деген негізсіз жалған айып тағылды. Жетібай посіндегі автотранспорт ұжымы Мыңбаевтың атымен аталады. 1926 жылы 25 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында бұл топқа ұлтшылдар деп айып тағылып, қатал сынға ұшырады. Ф.Голощекиннің тапсырмасымен БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің бақылау комиссиясы Мыңбаевтың үстінен іс қозғады. Мыңбаев ұлтшыл атанып, сынға ұшырады. 1927 жылы орнынан алынып, Гурьев (Атырау) округі атқару комитетінің төрағасы қызметіне төмендетілді. Ол бұл қызметі барысында Гурьев округінің мұнайлы өңір екенін ескеріп, ауыр өнеркәсіпті дамытуға күш салды. Балық шаруашылығын жандандырды, бұл кәсіпшілікке қазақтардың тартылуына жол ашты. Гурьевте электрстанса құрылысын салу жұмысына тікелей басшылық етті. Байлар мен орташаларды күштеп тәркілеуге, жер аударуға барынша қарсылық танытты. 1929 жылы қызметінен өз еркімен кетіп, ауыр науқастан көз жұмды. Қазақ АКСР Кеңесінің V съезінде Қазақ АКСР ОАК-ның төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте жүріп республикадағы барлық басқару органдарын жергіліктендіру (қазақтандыру) ісіне басшылық жасады, халықтың әлеуметтік жағдайын және денсаулық, оқу-ағарту, мәдениетін жақсартуға күш салды.

Жалау Мыңбаев — ҚазОАК-ты 1924-27 жылдары басқарған төраға. Мектептік біліммен сондай үлкен шенге жету қаншама зеректікті, сауаттылықты қажет ететінін біле беріңіз. Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақұлымен қоса Жалау Мыңбаевқа да ұлтшылдар деген айып тағылып, қатал сынға ұшырады. Сайқал Голощекиннің өзіне ашық қарсы шыққан. Президент архивінде сақталған сол кезеңнің стенографиялық есептерінде Жәкеңнің Голощекинге «осы сен көп сөздеріңде не ішіп, не апиын тартып алып айтатаын кісі сияқтанасың» деген ескертпелері сақталып қалған. Орнынан алынып, қазіргі Атырау облысына округ атқару комитетінің төрағасы қызметіне төмендетілді.
Қазіргі Қазақстан шекарасының оңтүстік-батыс бөлігі осы Жалау Мыңбаевтың арқасында сақталып қалған. 1920-23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық-түлік бөлім бастығының орынбасары болып тұрғанда сол жылдардағы жұттан, аштықтан халықты аман алып қалуға өте көп күш салған. Яғни орталықтың рұқсатынсыз-ақ Астрхан, Хиуа өңірлерінен астық алдыртқан. Өнер саласына да қосқан үлесі бар. А.В. Затаевичке 4 ән жаздыртып қалдырған екен.
Ж.Мыңбаев төраға болып тұрған тұста қазаққа қазақ аты берілді, яғни КирЦИК КазЦИК деп өзгертілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қойгелдиев М., Омарбеков Т., Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993;
  2. Қозыбаев М., Тарих зердесі Алматы, 1998.
    3. интернет мәліметтері…
    4. Қазақ энциклопедиясы, 1993.

Венера Жолмухамбетова,
Жаңаөзен қаласы,
№9 орта мектебінің
тарих пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.