Home » Айтарым бар » Жакупова Айгуль Советовна. Ата өнері — балаға мұра

Жакупова Айгуль Советовна. Ата өнері — балаға мұра

 

               Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен ізгі дәстүрін насихаттап, жас ұрпақты сәнді қолданбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, таңғаларлық тамаша шығармаларымен таныстыру, ұлттық қолөнерге баулу – менің басты мақсатым. Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлатуда үйірменің орны ерекше.
Осы түрғыда Павлодар облысы, Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің қөптеген ізгі істер өз жалғасын табуда. Мұнда қазақ халқының шеберлері жасаған, көнере бастаған түрлерін жаңғырту, одан әрі дамыту мақсатында өнерге бейім, дарынды оқушылардың «Алтын оймақ» атты қолөнер үйірмесі ұйымдастырылған.
Балалар оқу процесінде алған білімін, үйірмеде іс жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындауда барынша еркін пайдаға жаратады. Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін, әрі қарай жалғастырып, дамытатын қосалқы жолы болып есептеледі.
Бала кез келген оқыту технологиясы арқылы тек үйренуші ғана емес, үйренуші-шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне жетуі тиіс. Көркем еңбек сабақтарында немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңдеу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша, оқушылар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.
Үйірме жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауыз толтырып айтар ірілі ұсақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Жыл сайын жаңа жобалар, жағымды ұсыныстар туындап, шығармашылық ізденістеріміз артуда.

Жакупова Айгуль Советовна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебінің
технология пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.