Home » Мақалалар » Жазира Көкбасқызы. Армысың, әз Наурыз!

Жазира Көкбасқызы. Армысың, әз Наурыз!

 

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара жер-жерде аталып өтіп жатыр. Соның бірі 1200 оқушысы бар киелі білім ордасы Қазақ мектеп-гимазиясында да өткізілді. Наурыз мерекесіне арналған мерекелік кешті атадан келе жатқан салт бойынша ақ жаулық киген әжелер шашу шашып ашты. Ел көсегесінің ертеңі болар ұрпақ шашудың тәттісін жеп мәре-сәре болды.
Ал, мектеп ішіндегі «Өнер студиясы» өздерінің тәрбиелеп келе жатқан өнерпаз балаларының өнерін келген қонақтар мен ұстаздарға ұсынды. Әні мен сәні жарасқан білдіршіндер әннен шашу шашып, би билеп, қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен қобызда ойнады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа ұмыт қалған салт-дәстүрді көрсету олардың болашағына деген сенімін арттыра түсері қақ. Сол себепті, «Ұмай ана» болып шыққан бастауыш сынып мұғалімі Назарова Алмагүл Қабділманқызы жер бетіндегі жамандықтың болмауы үшін табиғаттың құдіретті күшіне тәу етіп, құдай ана ұрпағымды оттан, судан, табиғат апатынан, соғыстан сақта алас-алас,- деп аластаудың құдіреттілігін, қазақы наным-сенімнің күштілігін көрсетті. Қазақ халқы қашанда «батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді», деп ырымдаған. Ұлтымыз үшін әр ырымның орны бөлек. Баталы ел арымас, батасыз құл жарымас, демекші Қыдыр ата бата берді. Наурыз мерекесіне арналып жасалған әр дәстүрдің алатын орны ерекше. Телефонға телмірген мына заманда, ұлылғымызды көрсету ұрпақ алдындағы ұлы парызымыз. Сондықтан да болар жеті түрлі дәм салынған Наурыз көже залдағы көрермендерге берілді. Сол сияқты қымыз, бауырсақ таратылып оқушылар мен ата-аналардың көңілін бір көтеріп тастады. Кеш барысында Еркеш Өмірзақ қазақтың халық әні «Ой, жайлауды» нақышына келтіре орындап көрермендер ықыласына бөленді. Ал, скрипкашылар ансамблі «Жаяу Мұса» әнін орындады. «Нұршашу» би ансамблі де әр өз өнерлерін көрсетті. Наурыз мерекесіне келген қонақтар дән риза болып тарқасты.

 

 

Жазира Көкбасқызы,
СҚО, Қызылжар қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.