2017 жылдан бастап қанатқақты тәрiпте енгiзiлетiн «0» сыныпта балалар әлiппенi оқитын болады. Бұл туралы бүгiн Сенат депутаттарымен өтiп жатқан кездесу барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты. Бұл туралы Baq.kz сйатының тілшісі жазды.
«0» сыныпты 2019 жылдың бiрiншi қыркүйегiнен енгiзу жоспарланған едi. Бiрақ қазiр ата-аналар мен ұстаздардың қалауы бойынша оны ертерек, 2017 жылдан бастап қанатқақты тәртiпте енгiзудi көздеп отырмыз. Әрi қарай қалай iске асатынын көремiз. Мектепалды даярлық тобын мектепте де, балабақшада да өтуге болады. Неге? Өйткенi бiзде барлық мектептер осынша көп баланы қабылдауға дайын емес. «0» сыныпта күнiне 3-4 сабақ 20-35 минуттан болады. Бұл мәселелер қазiр қоғаммен талқыланып жатыр», — деп хабарлады Е.Сағадиев.
Министрдiң айтуынша, нақ осы «0» сыныпта әлiппе оқытылатын болады.
«Қазiр әлiппе қайда кеттi деп жатыр ғой. Мектепалды даярлық топтарында балалар әлiппенi оқиды. Бұл дұрыс», — дедi ол.
Еске сала кетейік, жақында Мәжiлiс депутаты Бекболат Тілеуxан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке депутаттық сауал жолдап, бірінші сыныптағы әліппенi неге алып тастағанын сұраған болатын. Халық қалаулысы министрліктің бұл әрекетін сынға алған едi.