Home » Мақалалар » Еңбек нарығы

Еңбек нарығы

Менің бүгінгі таңдаған тақырыбым — «Еңбек нарығы». Өйткені, қазіргі заман талабының қажеттілігінен туындап отырған ахуалды мәселенің бірі.

Еңбек нарығының өзіне тән қасиеттері, сипаттамалары, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы – бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі – нарықта маңызды институттардың (мемлекет, корпарациялар, кәсіби одақтар) болуы.

Қазіргі таңда еңбек нарығын оның бағасымен, өндіріс бағасымен және тауар бағасымен сипатталатынын білеміз. Еңбек нарығы бар жерде, әрине бәсекелестік болады. Демек бәсекелестік болған жағдайда еңбек нарығының ауқымы арта түседі.

Еңбек нарығы – бұл экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.

Осындай күрделі тақырыптарды өту барысында мен өзім оқытып отырған студенттеріме еңбек нарығын мүмкіндігінше өмірмен тығыз байланыстыра отырып түсіндремін. Себебі болашақ маман иелері өз мамандықтары бойынша еңбек нарығында дұрыс жолды әкете ала ма, бәсекелестікке қарсы тұра ала ма, міне осы жағына көп көңіл аударамын.

Еңбек нарығы нарықтық сегменттің ерекше түрі болып саналады. Еңбек нарығының құрамды элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттерге ие адамдар танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығы бірнеше алғышарттардан тұрады: халқымыздың саны соңғы деректер бойынша 2017 жылдың 1 тамызы бойынша 18.054,0. оның – 10.351,7 мыңы қалада (57,3%), -7.702,3 мыңы (42,7%) ауылдық жерлерде тұрады.

Еңбек нарығында өте қабілетті жəне іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, əлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.

Еңбек нарығында әрбір азамат еңбек етуге, яғни жұмыс істеуге құқылы. Бірақ кейбір азаматтарымыз жұмыс таба алмай жеке шаруашылықтарда жалданып жұмыс істейді.

Енді жұмыссыздық болудың себептерін қарастырайық (жұмысқа қабілетті, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы).

  1. Құрылымдық жұмыссыздықегер адам бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілік, білімі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмай жүрген адамдар.
  2. Циклдік жұмыссыздықегер өндіріс қысқарса, кәсіпорындар, фирмалар қысқарса, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуын айтамыз.
  3. Уақытша жұмыссыздық (фрикциондық) – егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.
  4. Маусымдық жұмыссыздықегер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобын айтамыз.

Осы сипаттаманы толық түсіну үшін студенттерге мынадай жағдаятты тапсырма ұсынамын:

Төменде келтірілген жағдайлардың әрқайсысы жұмыссыздықтың қай түрі екенін анықта, сәйкес белгі қой.

  1. Құрылысшы қыста жұмыс таба алмай жүр.
  2. Экономикада құлдырау байқалады. Шахталар жабылып шахтерлар жұмыстан шығарылуда.
  3. Заңгер Аматыдағы фирмадан жұмыстан шықты, өйткені Астана қаласындағы жұмысқа шақыру алды.
  4. Университет түлегі алғашқы жұмысын іздеп жүр.
  5. Дүкенде экономикалық дағдарыс әсерінен сатылу күрт азайды. Сатушы жұмыстан шықты.
  6. Орта мектепті бітірген, белгілі мамандығы болмағандықтан жұмысқа қабылданбады.
  7. Жоғары білікті программист жұмыстан шықты, өйткені оны жалақының мөлшері қанағаттандырмайды.

Еңбек ақының кесімді формасында, жұмысшының жалақысы келесі формуламен анқталады:

Зсд = Рсд×ВП

Еңбек ақының кесімді формасында, жұмысшының жалақысы келесі формуламен анқталады:

Зсд = Рсд×ВП

мұндағы:

Зсд. – жұмысшының жалақысы (тг);

Рсд — өнім бірлігіне кесімді бағалау (тг);

ВП — өндірілген өнім саны.

Өнім бірлігін кесімді бағалау келесі формуламен анықталады:

Рсд. = ТсНвр немесе Рсд = Тс : Нв

мұндағы:

Тс – уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік ставкасы (тг/сағ);

Нвр – уақыт нормасы (сағ);

Нв — өнімділік нормасы (дана, т, кг).

мұндағы:

Зсд. – жұмысшының жалақысы (тг);

Рсд — өнім бірлігіне кесімді бағалау  (тг);

ВП — өндірілген өнім саны.

Өнім бірлігін кесімді бағалау келесі формуламен анықталады:

Рсд. = Тс×Нвр немесе Рсд = Тс: Нв

мұндағы:

Тс – уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік ставкасы (тг/сағ);

Нвр – уақыт нормасы (сағ);

Нв — өнімділік нормасы (дана, т, кг).

Осы формуланы пайдалана отырып мына есепті талқылаймыз.

Жұмысшы Тохтаров А. мереке күндері 2 күн істеді, 13 бөлшек шығарды 55 тг. – тұратын. Ұжымдық келісім бойынша мереке күндері 2 есе артық жалақы төленеді. Мереке күндерінің жалақысын есептеңдер:

А) 715 тг.;

Б) 1430 тг.;

В) 1540 тг.;

Г) 2970 тг.;

Д) дұрыс жауабы жоқ;

Тақырыпты саралай келе мынадай түйіндеме жасауға болады. Адам тұтынушы болып саналады. Олар материалдық және рухани қажеттіліксіз өмір суре алмайды. Адамдар өз қажеттіліктерін өздері жасаған бұйымдары арқылы қанағаттандырады. Бұл жағдайда адам тұтынушы ретінде еңбек нарығының тетігін және сұраныс пен ұсынысты өзара байланысын білуі қажет. Дұрыс таңдалған мамандық-еңбек нарығының бәсекесіне әрқашан қарсы тұра алары сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория: оқулық / Ө.Қ. Шеденов. – Ақтөбе: «А-Полиграфия», 2004. – Б. 185-198
  2. Жумабаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике / С.К. Джумабаев. – Алматы: Ғылым, 2000. – С. 352. 5
  3. Рынок труда: учебник / Под редакцией В.С. Буланова. – М.: Издательство «Экзамен» 2010. – 480

Сарқұлов Есімсейіт Хамзаұлы

Экономика пәнінің оқытушысы

Солтүстік-Казақстан медицина колледжі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.