Home » Айтарым бар » ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ ТҰЛҒА

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ ТҰЛҒА

Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.  Солардың бірі – Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев.

Жарты ғасыр үзіліссіз, тынымсыз ұрпақ тәрбиесіне бағытталған  өмірімен сан мыңдаған түлекті оқытып-тәрбиелеп өмір атты ұзақ жолына жолдама берді. 50 жылы – адалдықты арқау қып, бар білімі мен біліктілігін, бойындағы адамдық қасиеті мен күш-жігерін сарқа жұмсап, ел болашағын ұрпағын тәрбиелеуге арналған жыл. Мектеп басқару ісіне Мақажан  Несіпбайұлының сан қырлы сырын, істерінің көркем  қырын аңғару  қиын емес. Тазалық пен әдемілік, сымбат пен сыпайылық, мәдениет пен мейірімділік, адалдық   пен   арлылылық, инабаттылық пен икемділік – толып жатқан  кісілік  қасиеттерді  де  бүкіл ұстаздар мен  түлектер ұжымынан  талап етті. Табандылық, адалдық, адамгершілік, өз ісіне берілгендік, қатаң талап қоюшылық – Мақажан Несіпбайұлының басты ерекшелігі.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен  дараланған  ұстаз  жайлы ерекше ілтипатпен  айтуға болады.  Ол —   ұлағатты ұстаз, аға тәрбиеші, қайтпас, қайсар, қажырлы тұлға.  Себебі, ғибратты ғұмырының қымбат  шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Ол кісі үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де жиі шұғылданады, мектеп балаларымен серуендерге, саяхаттарға барып, бос уақытын  тиімді   өткізеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген  Мақажан Несіпбайұлы сияқты ұстаздың өмірі –  болашақ үшін үлкен өнеге. Оның қайсар мінезі,  қазақи  ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық.
Өмірін тынымсыз еңбекпен өрнектеген, тәжірибеде шыныққан, жаңа ізденістерімен жас буынды қанаттандырған Мақажан Несіпбайұлы – даналық жас 80-ге келсе де, ойы ұшқыр, жаны жайсаң, ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалаушы.

                                                                   Ы.Алтынсарин атындағы дарынды  балаларға
арналған  облыстық  қазақ  гимназия-интернатының
ұстаздары  Байжырыкова С.К. Касыбаева М.Б.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.