Home » Ашық сабақтар » Еспенбетова Нургуль. С  дыбысы мен әрпі

Еспенбетова Нургуль. С  дыбысы мен әрпі

Еспенбетова Нургуль Султановна,
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№45 «Балбұлақ» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы:  Коммуникация.

Бөлімі:Сауат  ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: С  дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Білімділік:С дыбысы және әрпімен  таныстыру. С дыбысынан  басталатын сөз, сөйлем құрастыру  арқылы есте сақтау  қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық:  Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту, су жайлы білімдерін  кеңейту,  ой-өрісін  дамыту.

Тәрбиелік:  Ауызекі сөйлеу мәдинетін қалыптастыра  отырып, адамгершілікке, еңбекқорлыққа  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:  Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі:  Қима қағаздар, сабынның, судың, сүлгінің, сандық, асық, сырғаның суреттері.

Билингвальді  компонент:  Су-вода.

Ұйымдастыру  кезеңі.     –Балалар, бүгін  біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

                                            Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме!-деп

Сәлемдесіп  аламыз.

Өткенді  пысықтау.     –Балалар, қазір қай  мезгіл?

-Қай ай?

-Бүгін аптаның қай күні?

Балаларға  сұрақ-жауап арқылы өткен  әріптерді естеріне түсіреміз.

-Енді балалар, өткен әріптерді еске түсіреміз.

Жаңа сабақ.  –Балалар, бізге  қонаққа Салақбек деген достарың  келіпті. Ол      сендердің  көмектескендеріңді  қалайды, үстіндегі кірін  жуып, тазартып беруін  сұрайды.

-Қалай балалар, көмектесеміз бе?

-Балалар, Салақбектің  сендерге алып келген  сандықта сыйлығы бар екен,

-Қане балалар, бәріміз бірге Салақбек, сандық, сыйлық  сөздерін менімен бірге қайталап  көріңдерші.

-Бірінші қандай  дыбыс естіп тұрсындар?

-Балалар, С  әрпі неге ұқсайды?

-С  әрпі апаларымыз тағатын білезікке, айға  ұқсайды.

-С  дыбысы  дауыссыз дыбыс. С дыбысы  сөздің басында, ортасында  және аяғында кездеседі.

Сандықтың, асықтың, автобустың суретін көрсету.

-Ал ендеше балалар, Салақбекке көмектесейік.

-Тазалық үшін бізге нелер керек екенін айтып  беріңдерші?

-Балалар, біз кірін тазарту үшін ең бірінші бізге не керек екенін айтындаршы?

-Сабын, сүлгі, су, су сабын.

-Балалар, сабынмен аналарымыз кір жуады. Кірдің суын басуға болмайды. Барлық  жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей екен.

-Ендеше балалар, Салақбекті жуындырайық.

-Сабыннан не шығады?

-Сабыннан көбік шығады.

-Тапсырмалар орындау арқылы Салақбектің үстіне көбіктер жапсырамыз.

  1. Тапсырма.

Берілген буындар мен сөздерді оқу.

С – с  са   са – на

С –о    со     со – на

Ай – дос

Дыбыстық  талдау.   Сан,  тас сөздеріне  дыбыстық талдау жасату.

Ойын:«Кім білгіш?»

Ойынның шарты:  Педагог дауысты дыбысты айтса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, Ал егер дауыссыз дыбысты  атаса, қолдарын төмен шапалақтайды.

-Балалар, енді Салақбектің  көбігін немен кетіреміз?

-Көбікті сумен кетіреді.

-Ендеше балалар, мен сендерге су жайлы  айта кетейін. Шелектегі суға  ауызды  батырып ішуге болмайды. Жуған қолды сілкісе, ырыс-нәсібе кетеді.

Билингвальді компонент:   Су –вода.

Ойын:  «Кім тапқыр?»

Ойынның шарты:  Ауаға жазылған әріптердің қандай  әріп екенін  табу.

С әрпін ауада және тақтаға жазып көрсету.

  1. Тапсырма.

Сс

С С

С  с

Бір, екі, үш

Жинап  алып  күш.

Қолға  қаламды аламыз,

С  дыбысын  жазамыз.

  1. Тапсырма.

Үлестірмелі  суреттермен  жұмыс.

Балаларға сәбіз,  сағат, саңырауқұлақ, асық, сандықтың  суреттерін таратып беріп, олардың атын ататып, буынға бөлдіртіп, сөйлем құрату.

Ал балалар, біз Салақбекті кірден тазарттық.  Енді біз Салақбектің  сандығында не сыйлық бар екенін көрейік.

-Ой, мына сандық ашылмайды ғой. Бетінде бір нәрсе тұрған сияқты. Мына  тақпақты  үйреніп алыңдар дейді.

Сағат  пенен сөмкені

Сауысқанға сыйласын

Ерте тұрсын ерінбей

Сабағынан қалмасын.

Осы  тақпақты үйде жаттап келіңдер.

Сергіту  сәті.
Балаларға сандықты ашып, ішіндегі Салақбектің сыйлықтарын алып беру. Сандықтың  ішінен  қыздарға сақина, ұлдарға асық шығады.

Сабақты қорыту.  Сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймыз.

Марапаттау, мадақтау.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.