Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекенінде №18 негізгі мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жанында 20 орындық балабақшасы бар жаңа нысанның ашылуы осы сәтті көптен күткен шағын ауыл тұрғындарын шаттыққа бөледі.
Осыған орай өткен салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев пен облыстық білім басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бағдат Бердәулетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, мектепке облыс әкімінің атынан түрлі-түсті теледидар табыстады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қарақұм өңірінен жаңа білім ошағының бой көтеруіне байланысты лебізін жеткізіп, оқушылардың заман талабына сай жабдықталған жаңа мектепте сапалы білім алуына тілек қосты.
М. Ақынұлы,
тілші,
Қызылорда облысы