Home » Жаңалықтар » «Ертөстіктегі» ертеңгілік

«Ертөстіктегі» ертеңгілік

Астана қаласындағы №17 «Ертөстік» балабақшасында «Мен — тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты ертеңгілік өтті. Іс-шарада жас өрендер ортақ Отанына және Елбасына деген үлкен құрмет көрсетті. Балақайлар көрініс қойып, бір сәт ғажайып күйге енді. Қойылымда басты кейіпкер түсінде Алтын адамды көріп, оған жанып тұрған шырақты сыйға тартады.

Балалар қойылым арқылы жиналғандарға терең ой салып, отансүйгіштік қасиетті нығайтуға тырысты. Балапандардың барлығы бар ынтасымен қатысты. Бұл келелі іс-шараға меңгерушіміз Роза Рахимжанова зор ықыласын білдіріп, балғын балаларға бақытты балалық шақ тіледі.

Гүлмайра Булекбаева,

№17 «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.