Облысымыздың намысын қорғап жүрген, футбол ойынының майталмандары «Ертіс» футбол командасының жоғарғы лига ойыншылары 1 қазан күні Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қонақта болды.
«Даналық бейсенбісі» жобасы аясында өткен кездесуде оқушылар өздерінің сүйікті ойыншылары — Джереми Манзорро, Карлоса Фонсеки, Руслана Мингазов, Марко Станоевич және Руслан Есимовпен кездесіп, теңбіл доп шеберлерімен жақын таныса алды. Әңгіме барысында ойыншыларға сұрақтар қойылып, олардың неліктен осы мамандықты таңдағандары жөнінде сыр сұхбат жасалды. Сонымен қатар, мектебіміздің футбол құрама командасына шеберлік сағаты өткізілді. Алдағы уақытта мектеп құрамасы Шымкент қаласында өтетін желілік спартакиадада бақ сынасатын болады, осы орайда олар аға буын ойыншыларынан ақыл-кеңес алып, шеберліктерін шындай түсті.
— Мен футбол жанкүйері,әрі осы спорт түрін ерекше жақсы көретіндіктен бүгінгі кештен тек қана жағымды эмоциялар алдым. Кездесу Шымкент қаласына баратын футболшылар үшін де кішігірім мотивация болды деп сенемін. Осындай кездесулер арқылы тек қана футбол емес, сонымен қатар салауатты өмір салты насхатталады деп ойлаймын, — дейді оқушы Әділбек Қабаев.
Кездесу соңында команда сыйға тартқан сыйлықтарымен бірге оқушылар естелікке фотоға түсті. Тұшымды да әсерлі кездесу үшін «Ертіс» футбол командасына алғыс білдіріп, зор қуанышпен тарасты.