Home » Білім және тұлға » Ұстаз – ұлы тұлға

Ұстаз – ұлы тұлға

   Адамзат баласы білім-ғылымға ұмтылған сәттен бастап-ақ, оның өмірінде ұстаз маңызды роль атқарады. Ұстаздың алдын көрмеген шәкірт кемде-кем. Ақын да, батыр да, әкім де ұстаздың жетегімен хат танып, өмір айдынына самғаған. Сондықтан, адам өміріне жарық сәуле шашар ұстаздарды мәңгі құрметтеу қажет деп білемін.

Менің өмірімде де ұстаздардың рөлі ерекше. Өз анам ұстаз болғандықтан да, ұстаз өмірінің қызығы мен қиындығын сезініп өстім.

Ұстаз деген аяулы жандардың өз баласынан өзгенің балаларын, яғни, шәкірттерін артық қоятынын білемін. Олардың жетістігіне сүйініп, кемшілігіне күйінетін ұстаздан артық асыл жан бар ма екен, сірә?!

Мектеп те білім теңізіндегі алып кеме тәріздес, «тарыдай болып кірген» оқушыны «таудай» етіп шығарып, білім нәрін беретін қасиетті мекен. Мен де өмірімде үлкен орын алатын өзімнің киелі мектебімді, ондағы аяулы ұстаздарымды өте жақсы көремін, құрметтеймін.

Мен Алматы қаласы Жетісу ауданы № 177 жалпы білім беретін мектепте оқимын. Маған өзімнің мектебім қатты ұнайды. Барлық пәндер терең білім беріліп, оқушылардың бойындағы талантының әр қыры толық ашылуына барлық жағдайды жасайды.

Мектеп директоры Тұрсын Таңатұлының да біз үшін еңбегі ерен. Әр оқушының жан-дүниесін түсіне алатын ол бізге 5-сыныптан бері сабақ беріп келеді. Шәкірттеріне білім берумен қатар бойына тәлім-тәрбие сіңіріп, ақыл-кеңесін аямай беріп келеді.

Биыл мен де оқушылық өмірдің соңғы көктеміндемін. Жыл соңында мектеппен, достарымызбен және білім берген аяулы ұстаздарымызбен қоштасамыз. Сол кісілердің сенімін ақтау – біздің болашағымыздың парызы десек, артық айтқандық емес.

Міне, ұстаздар мерекесі де келіп жетті. Сөзімнің басында айтқанымдай, ұстаз адам өміріндегі ең ұлы тұлға. Мен де ұстаздар мерекесі қарсаңында маған білім берген барлық ұстаздарымды мерекелерімен құттықтағым келеді.

Саденова Айдана Естайқызы,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектептің

                                                                      11 сынып оқушысы

3 комментария

  1. Рахмет, Айдана! Мектепті абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Анаңның үкілеген үмітісің. Сәттілік серігің болсын!

  2. Жарайсың Айдана, улкен рахмет

  3. Жарайсың, Айдана! Көп рахмет!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.