Home » Ашық сабақтар » Ерте келген көктем

Ерте келген көктем

Білім беру саласы: шығармашылық

Бөлімі: сурет салу.

Мақсаты: көктем жайлы түсініктерін жетілдіру, көргендерін бейнелеу, оқу қызметі арқылы қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру. Ептіліктерін дамыту, бояу түстерін таңдап алмастыра қолдануға үйрету, бояумен жұмыс іскерліктерін жетілдіру, табиғат сұлулығын сезінуге эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу. Балаларлың шығармашылық қабілеттерімен қиялдарын дамыту сиқырлы қылқаламның құпиясын ашып, түстерді сезіне білуге, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі: жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, паролоннан жапырақтар, пластик құтыдан өрік ағашының гүлдерін, алақан саусақтарымен күннің нұрының суретін салу.

Көрнекілікті құралдар: ерте келген көктем суреті.

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Көктем келді еліме ,

Көктем келді жеріме ,

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай жақсы ма?

-Ендеше, жақсы көңіл-күймен орнымызға жайғасайық.

(Слайд көрсетіледі)

Өткен сабақты қайталау

-Балалар, біз өткен сабақта қай жыл мезгілімен қоштастық?

Балалар: Қыс.

-Балалар, слайт тақтаға назар аударайық бұл жылдың қай мезгілі ?

Балалар, айналаңызға қараңдаршы қандай тамаша тұнық таза ауа, сылдырлап аққан бұлақ тағы нені байқадыңдар?

 Балалар: Көктем

-Балалар, көктем мезгілінде қандай құбылмалы өзгерістер болады?

Балалар: Қар аралас жаңбыр жауады самал жел соғады. Күн жылынады, құстар ұшып келеді, адамар жеңіл киінеді.

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады және оларды кезек кезегімен атап бер?

Балалар: 3 мезгілден тұрады  наурыз, сәуір, мамыр.

-Жарайсыңдар балалар.

-Ендеше көктем жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Тақпақ:

Жасыл беттен келеді

Самал беттен еседі

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді.

-Жарайсыңдар балалар! Өте тамаша.

-Балалар: Ия

Ғажайып сәт

-Бізге қонаққа қылқалам келді.

Қылқалам: Салеметсіздер ме, балалар! Қандай тамаша көктемнің жылы шуағымен мен сендерге ерекше бір тапсырмаларды алып келдім. Осы тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия

Қылқалам: Олай болса, мен сендерге сұрақ бергім келіп тұр.

Қылқалам: Қылқалам бізге не үшін қажет?

Балалар: Сурет салу үшін.

Қылқалам: Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?

Балалар: Әбілхан Қастеев, Гүлфайруз Исмаилова.

Қылқалам: Жарайсыңдар балалар! Менің берген сұрақтарыма дұрыс дауап бердіңдер. Балалар бір орында отырмай серігіп алайық.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш.

Бойға жинап күш,

Оңға қарай бұрылып, солға қарай бұрылып.

Белімізді жазайық ,

Орнымызға қонайық.

Қорытынды:

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Балалар: Қылқалам.

Сендерге сурет салу ұнадыма?

Балалар: Ия

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.

Игереді: эстетика сезімін қалыптастыруды.

Меңгереді: иновациялық әдіс-тәсілдермен сурет салуды.

Ахметова Улбосын

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК,

бейнелеу өнері маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.