Home » Баяндамалар » Ертеңімізге үлкен сеніммен қарайық

Ертеңімізге үлкен сеніммен қарайық

Іргесі берік еліміздің мәңгілік ертеңіне сеніммен қарайтын білімді де, дарынды жастарымыздың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Соның бірі  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абдраш Назарбеков атындағы  № 87 жалпы орта мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Адырбек Али. Қазақстан тарихы пәнінен  Оңтүстік Қазақстанның Шымкент қаласында өткен «Мәңгілік ел тарихы» ғылыми жоба байқауында танытқан зерек ойлылығы мен тиянақты ізденісі үшін жүлделі «Бас жүлде» дипломымен марапатталды. «Қошқар  ата»  тақырыбындағы ғылыми жобаны, оқушы  жан-жақты  зерттеп, оның тарихын  және адамның денсаулығының жақсаруына үлкен әсер  ететіндігін  дәлелдеді. Оңтүстік Қазақстан өңіріне туристерді көптеп тарту арқылы бюджетті толтыру жақтарында қарастырған. Экология  мәселесінің шешімін табу жолдарына тоқталған.Әрине мұндай жетістікке жету ұстазының шеберлігі мен біліктілігін қажет етеді. Алиге ғылыми жоба жасауына бағыт бағдар беріп, жетекшілік жасаған тарих пәнінің мұғалімі Дулатбаева Гүлжамал Ілесқызының еңбегі өте зор. Шәкіртінің бойындағы табиғатқа деген жанашырлығы мен ғылымға қызығушылығын оятып ,тарихқа үңілдіріп, жүрегіне жол таба білген ұстаз әрдайым оқушыларының жанынан табылады. Ұстаз  еңбегінін жеңіл  емес  екенін  барлығымыз  жақсы  білеміз, бірақ  Гұлжамал Ілесқызының  сабырлы  да, байсалды, кез келген  істі  тыңғылықты орындайтындығының  арқасында  әріптестерінің, шәкірттерінің  арасында  беделді. Әрдайым  педагог  қызметкерлердің  байқауында  жүлделі  орындар алып, оқушылары да, өзі де  марапаттарға  ие  болуда.  Үстіміздегі  оқу  жылында  мұғалімдер арасында өтілген  қалалық ғылыми конференциясында оқыған «Үштілділік оқыту аясында инновация енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттырып, ойлау қабілетін дамыту» тақырыбындағы баяндамасы облысқа ұсынылып, «Құнды баяндама» мақтау грамотасымен марапатталды. Біз отандастары Гүлжамал Лесқызына шығармашылық табыс, қиында  қызығы  мол  жұмысының  жемісін  көрсін, ал  Алиге алдағы уақытта да, үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Казақстанымыздың жарқын болашағы жастарымыз ұшқыр ойлы, инабатты, саламатты өмір салтын ұстана берсін дей отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін, біз сауаттылығы жоғары, жан-жақты дамыған, саяси тұрақты, экономикасы өркендеген елге айналуымыз қажет»-деп, ертеңімізге үлкен сеніммен қарайтын жастарымызды тәрбиелей берейік.

 

                                                                  Асильбаева Ақмарал Жапсарқызы
Абдраш Назарбеков атындағы
№87 жалпы орта мектебі
Кітапхана меңгерушісі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.