Home » Жаңалықтар » Веналық бал Астанада көрсетілді

Веналық бал Астанада көрсетілді

               Талайды тамсандырып, жүздеріне еріксіз жылылық ұялатқан көрініске куә болдық.  Көзімізге шаттық, жүрегімізді ыстық сезімге толтырған көрініс Астана қаласыдағы EXPO аумағында орналасқан MEGA Silk Way  ғимаратының бірінші қабаттында болды. Ол, Веналық бал. Бұл жолғы «Веналық бал» (Венский бал) Астанада алғаш рет балабақшаның түлектері көрсетті. 1935 жылдан бастап бал уақыттарында Веналықтардың  дәстүріне айналған шара екенін айта кеткен жөн. Осы іс-шараны балабақша түлектерінің ортасында өтуіне мұрындық болып, ат салысып жүрген «Қазақстан Республикасының балалардың құқығын қорғау орталығы, Қазақстан Республиасының Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасы «АТАМЕКЕН», Халқаралық Интелектуалды Даму Академиясы «Ucmas», MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығы, КФС­­­ – жылдам тамақтану желілері,   Хардис, Коста сынды атақтары жер жарған мемлекеттік және мемлекеттік емес орталықтар болып отыр.  Іс-шараның бас­­­-қасында ыстығына көніп, суығына төзіп, бір адамдай ат салысып жүрген, бір сөзбен айтқанда ұйымдастырған Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы, «Асыл бала» Республикалық Қауымдастығы. Балаларға жайқалып билеу, талшыбықтай бұралу, әуенмен қимыл жасау ол шеберлік белгісі екенін білдіре отырып, бүлдіршіндерді өнерге баулу.  Веналық балды қызықтауға арнайы келген  «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Депутаты, балала құқығы жөніндегі уәкілі Балиева Загипа  Яхяқызы жас бишілердің өнеріне тәнті болғандай өте ілтифатпен қызықтады. Би тоқтасымен орнынан жеңіл тұрып, би билеген қуыршақтай бүлдіршіндерге өз қолымен тәтті таратты.




Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.