Home » Айтарым бар » Ертегінің ықпалы ерекше!

Ертегінің ықпалы ерекше!

Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту – еліміздің  білім жүйесіндегі алғашқы  баспалдақ. Бүгінгі  бөбекжайда балдырғандарды тәрбиелеу мен оқытудың  жаңа әдіс – тәсілдері  кеңінен қолданылады. Біз бірнеше  бағытта жұмыстанамыз. Мәселен   әр баланың дене  бітімінің  жасына сай  дамуы, ойдағыдай жетілуі, сондай ақ   балаларды  көркем  — эстетикалық  тұрғыдан  дамыту  және  баланың  ойлау  көкжиегінің  кеңеюіне  ықпал етуді біз өзіміздің басты міндетіміз санаймыз.
Менің айырықша атап айтқым келетіні  — бүлдіршіндердің тілін дамыту мәселесі. Өйткені сөйлеу мәдениеті-  адамдардың  ең байланыс құралы.  Ал ана тілін жетік меңгерген, өз ойын анық, тиянақты  жеткізе алатын саналы азамат тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыздың бірі. Жалпы, мектепке дейінгі  ұйымдарда көркем шығарма, соның ішінде ертегі оқыту баланың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің, дүние танымын дамытудың алтын кілті. Ертегілер әлемінің әдемі   әсері арқылы бала ақ – қараны айырып, оң – солын тани  бастайды.  Сол  себепті өз басым  ортаңғы  топта «Кел тыңдайық ертегі»  атты шараны өткізіп тұрамын. Бұл іс – шара барысында  бүлдіршіндер тек ертегі тыңдап қоймай, өздері ертегілердің  кейіпкерлеріне айналады.  Біз осындай  тәсілмен  «Мақта қыз  бен мысық», «Түлкі мен қоян», «Құлын, қозы және  лақ»,  «Түлкі мен қасқыр» сықылды  біраз ертегілермен таныстық. Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекеттері  арқылы  балалар жақсыдан үйрен, жаманнан жирене бастайды. Сондай – ақ балалар ертегілер әлеміне саяхат  жасаудың арқасында санасына адалдық,  батылдық, байқампаздық,  тапқырлық, ұқыптылық сынды қадір – қасиеттерді сіңіре бастайды.

Жасыратын жоқ, қазір  немере – шөбересіне ертегі айтатын ата – әже тым сирек. Соның кесірінен  біраз  балбөбек  ертегілер арқылы алатын  рухани уызынан құр қалып жүр. Демек тәрбиеленушілер таным  — түсінгі үшін ертегінің ықпалы ерекше екендігін ұмытпайық, ағайын!

 

Аккереева Светлана Насимуллиевна
БҚО, Орал қаласы, Жаңа орда
МКҚК №18 «Балдырған» бөбекжайы
«Бәйтерек» ІІ кіші тобы тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.