Home » Балабақша » «Ертегінің» ертеңге қалдырар ізі бар

«Ертегінің» ертеңге қалдырар ізі бар

Ізгіліктің ізі жалғап, өткенін бағалай отырып, болашағына болжам жасай білетін тағы бір іргелі білім ошағының меңгерушісімен таныс болдым. Ол- Астана қаласындағы №35 «Ертегі» балабақшасының меңгерушісі Ләззат Ғалымжанқызы Рахменова.
«Ертегі» атанған бұл балғындар мекенінің терең тарихына үңіле келе, алған асулары мен жеткен жетістіктері жетерлік, алды 40 жылдан астам қызмет атқарған білікті де тәжірибелі педагог ұжымы бар білім ордасы екенін көрдік. Талай тарихты ішіне бүгіп жатқан рухани құндылықтың ордасындай болған білім ошағына кірген жанның көзіне ілінер дүние балабақша мұражайы.
Адам өміріне материалдық көректік қандай қажет болса, рухани азық та сондай қажет. Рухани нәр, жан азығын алар орта да тарихы тереңде, үңілген жан керегін алар құндылықтарға бай болары хақ.
Иә, «Елу жылда ел жаңа» дегендей тағаны жарты ғасыр бұрын қалансада бір кірпішіне сызат түспей балалықтың бал күлкісіне батқан  бүлдіршіндер ордасы жарқырып жайнай түскен
Бүлдіршіндердің бағына болар Ләззат Ғалымжанқызы басқарған төрт жылдың ішінде күрделі жөндеуден өткен білім ордасы көрер көз сүйсінердей…
«Ертегілер» атанған балабақша ұжымы өткен жылы ғана өздерінің жарты ғасырлық мерейтойларын атап өтіп, өткенді ұмытпай ескерткіш болардай балабақша тарихынан сыр шертер фота суреттер , жазбалар мен құнды деректерді жинақтап осындай тамаша орта ашқан.
Мерейтойға білім ордасынан алғашқы болып түлеп ұшқан түлектерді шақыру мұражай қоржынын толтырса, түсінген жанға бұл-  өткенге құрметпен қарай білетін ұйымшыл ұжымның еңбегі.
Қара шаңырақ білім ордасында балалардың білімге деген ынтасын оятудың отын жаға білетін дарынды ұстаздар қауымының орнығуы да  құрмет көрсетумен, мақтауға лайық.
Балабақшаның алғашқы меңгерушісі Жақсыбекова Гашура Тулегеновнаның ізін жалғап ширек ғасырға дейін ұжымды басқарған екінші басшы Гурьева Татьяна Ивановнаның есімі әріптестеріне жаттанды.  Осы балабақшада ұзақ жылдар еңбек еткен білікті маман Мисник Анна Юрьевнаның есімін әріптестері ешқашан ұмытқан емес.
2002, 2006-2007, 2014-2015 оқу жылдарында Астана қаласындағы «Ең үздік балабақша» атағын иеленген білім ордасы Астана қаласы әкімдерінің талай мәрте ақшалай грантын жеңіп алған мекеме.
жарты ғасырдан астам уақыттағы шежіресінен сыр шертіп, талай қызықты күндер мен қызықты сәттерің мақтана айтатын ұжымның қуанышы ұстаздық ұлы ғұмырдың бәрінен биік екендігін аңғартады.
Ақпараттар заманы мен білім саласындағы түрлі өзгерістерге бейімделе білген жаңа технологиялармен түрлі құрал-жабдықтармен толық қамтылған бұл мекенде басты қызығып айтар дүние ісіне мақтанышпен қарай білетін 40 жылдан астам бір балабақшада ғана қызмет атқарып келе жатқан білікті педагог Кагерманова Галина Михайловна бастаған педагогтар ұжымы.
Ұстаз жақсы көрген бала ғана балабақшаны да мектепті де жақсы оқитынын дәлелдейтін тәрбиеленушілер жетістігі бір төбе.
Михайленоко Алексанр бастаған Никитин Гена, Брагина София, Корчагина Анастасия Курмангазин Адильхан, Корчагина Анастасиядай жеңімпаз шәкірттерді тәрбиелеп келе жатқан білікті ұстаз Тайгельтирова Кайникен Мухамедиевна бастаған шығармашыл ұстаздар қауымы талай байқауларда алдарына жан салмады.
Осындай мақтауға лайық балабақшаның қаңтар айының 30күні өткізген кластер бағытындағы « Балалардың мектепке дейінгі интеллектуалдық дамуы» тақырыбындағы семинарына куә болып жоғарыда аты аталған педагогтар мен қатар ұстаздық жолға енді қадам басқан жас тәрбиешілердің жұмысымен таныстық. Алғашқы сөз алған аталмыш балабақша меңгерушісі Ләззат Ғалымжанқызы 26 педагог қызмет етеді. 400-ден астам балдырған он екі топқа бөлініп , сегізі орысша, төртеуі қазақ тілінде тәлім-тәрбие алып жатқан өз ұжымы жайлы мағлұмат беріп өтті.
10-ға жуық балабақшаның тәрбиешілері қатысқан бұл әріптестік кездеуді ерекше сәлемдесумен бастаған педагог-психологА. Мауленова, «Қыс қызығы» тақырыбында оқу қызметін «Ақбота» кіші тобымен көрсеткен тәрбиеші Ләззат Сейдахова, «Давайте поговорим» тақырыбында Л.В.Пушкарева өз шеберліктерін көрсетті. Спорт нұсқаушысы Алтыбаева Асемгуль «Көңілді би кез» тақырыбымен отырғандарды  ортаға шығарып бір серпілтіп тастады. Жас мамандарға деген қолаудың да бұл балабақшада қолға алынғаны үлкен қуаныш. Орыс топтарына қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім Сымбат Қуандықова «Аюға достар іздейміз» тақырыбында сабақ көрсетті. «Балалардың тілін дамытудағы мнемотехниканы қолдану» тақырыбында қатысушылармен тренинг өткізген тәжірибелі маман ағылшын тілі мұғалімі Е.Н.Аджиогло өз біліктілігімен көпшілікті таңқалдыра алды. Ән-күй жетекшісі Н.Н.Важенинаның шәкірттері  «Солнышко» тобы вокалдық ансамблімен өнер көрсетті. Тәрбиешілер М.Т.Жоламанова мен Г.М. Кагерманованың «Ертегілер әлеміне саяхат», «Данетка» ойындарының да қатысушыларға үйретері көп болды. Хореограф Меруерт Жаңабергенованың шәкірттерін батырлар биімен көрермен көңілін көтерсе, еш мүдірместен кітап оқып, есеп шығаруға дағдыланған мектеп қабырғасына дайын шәкірт болып баратын мектепалды даярлық орыс тобының шәкірттері  өз білімдерімен мойындатты. Бұл топтың тәрбиешілері Бибигүл Дюсенбаева мен Кайникен Тайгельтирова жиналған көпшіліктің алғысын арқалады. Семинар соңын қорытындылаған балабақша әдіскері тәжірибелі маман Елеусизова Райхан Сейтжановна «Мектепке дейінгі оқу тәрбие процесінде ТРИЗ технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері» тақырыбында баяндамасын оқыды.
Кездесу соңында қатысушылар мен кластердің жетекшісі №77 «Қошақан» балабақшасының меңгерушісі Юсупова Назгүл Гадилханқызы сөз алып бұл күнгі оқу қызметіне арналған семинарға, білікті, тәжірибелі мамандар ұжымына алғысын білдірді.
Мақтауды қажет етпейтін,  балабақшалар арасында өзіндік орнын алып, алдыңғы қатардан түспей келе жатқан білім ордасының ұжымына істеріңіз тек ілгері баса берсін деген тілек айтамыз.

Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы», Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.