Home » Жаңалықтар » Ұша білген қанатқа дүние кең

Ұша білген қанатқа дүние кең

Аспан – ол ұлылықтың бір өлшемі.Бұл дүниеде одан биік, одан кең не бар?! Ұша білген қанатқа дүние  кең дейтініміз де содан. Әйтсе де биікке аңсары ауған құштарлар қаншалық …..Биіктік- таланттар мен қанаттылардың ғана мекені. Биіктік пен кеңдікке қол жеткізе алатындар тек ұшқыр ой мен қанаты талмайтын дарын иелері ғана.Сол кеңдікті  кішкентайынан пайдаланып, тамылжыған әнімен  қанатын  жайып, қауырсын секілді нәзік өнердің биігіне ұмтылып келе жатқан жас әншіміздің бірі — Ертай Мейірімжан.Ол – Павлодар облысы, Аққулы ауданы, қасиетті, киелі  Мерғалым елінің топырағында дүние есігін ашып, ауылымыздың Бекмұрат Уахатов атындағы мектебінде 4-сыныпта оқиды. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен-ақ мектебіміздің ұстаздарыа оны ән әлеміне бағыттады. Құштарлығының арқасында Павлодар қаласындағы «Pavlodar musig studio» вокал студиясында қосымша дәріс  алып келеді.Туғаннан талант болып туылмаса да Мейірімжанның бойына атасы мен нағашыларынан дарынды қасиеті дарыған.Оның ішкі  дүниесінің ерекше сәулесі барын аңғарған ата-анасы, әсіресе атасы өнерге ерте баулыған. Анасының айтуынша Мейірімжан бес жасынан ән айта бастап, көптеген аудандық, облыстық, республикалық,халықаралық конкурстардың жеңімпазы.Оның ішінде тек биылғы оқу жылында ғана Павлодар қаласында өткен  республикалық «К нам стучится Новый Год», «Жас талант» атты конкурстарда Іорынды, Семей қаласында өткен «Ұлы Дала Қырандары» атты халықаралық  конкурста бас жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Мейірімжан жуырда  республикамыздың барлық облыстарынан 70 шақты бала қатысқан Астана қаласында өтілген «Бала шабыты» атты халықаралық конкурстық жобасында «Ceneration Z» атты дарынды балалар  мен жасөпірімдер байқауындағы 10-12 жас аралығында «Вокал» номинациясы бойынша зор дауысымен «Құстар»әнін орындап, І орынға ие болды.Тіпті әділқазы болған Қазақстан Республикасыныңи еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Маржан Арапбаеваның қолынан марапатталды.

Сонау зеңгір аспанда жұлдыздар қаншалықты көп болса да, аты мен заты белгілі жарқыраған жұлдыздар соншалық аз. Демек, еліміздің рухани дамуына зор үлесін қосып келе жатқан сондай жұлдыздардың бірегейі Ертай Мейірімжанның осы жетістігі дәлел.

Ұлы көшке  ілесіп келе жатқан Мейірімжан шәкіртімізге  тек жұлдызың әрдайым биікте жанып, самғай бер, самғай бер деп шын ниетпен тілек тілейміз!

 

Исагалиева А.С.
Павлодар облысы, Аққулы  ауданы, Мерғалым ауылы.

Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.