Home » Айтарым бар » Ерлан мен Нұрлан!

Ерлан мен Нұрлан!

Құрметті Ерлан және Нұрлан ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күндеріңіз құтты болсын! Сіздерге талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараланыңыздар. Игі істеріңіз қашанда оңға басуына, әр қадамдарыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройларыңыз арта беруіне тілектеспіз!
40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жастарыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тастарыңыз. — дей келе өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Тілек білдірушілер: Аналары Гүлжахан, жездесі Мұхан, бауырлары  және балалары, жиендері.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.