Home » Айтарым бар » Епенова Шолпан Бисеновна.Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары

Епенова Шолпан Бисеновна.Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары

Жалпы мақсаты: Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындау, теріс әсер ететін факторларды қарастыру, оларды жою жолдарын анықтау
2. Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұғалімдер оқуда болатын кедергілерді анықтайды кедергіні жою жолдарын таба алады оны тәжірибелерінде қолданады.
Білім берудің қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейтеді
Оқушыларды оқу үрдісіне тартып, бағыттап бағдар бере алады

3. Негізгі идеялар «Оқытудағы кедергілер» деген түсінікті біліп, сол кедергілерді жою қадамдарын жасай алады.
Кәсіби білім біліктіліктері өседі, шыңдалады
Оқыту мен оқу туралы жаңа идеялар тауып жұмыстанады

Тапсырмалар 1. 1.»Табыс қоржыны» жаттығуы (5 мин)
4. Миға шабуыл 5 мин
5. Топтық жұмыс №1.(10 мин)
А) Постермен жұмыс
Б) Топтар жұмыстарын ауыстырып оны толықтырады.
В) Жазған жұмыстарын қорғау 5 минуттан
Г) Қосымша мәліметтер
Рефлексия және кері байланыс
Жаттығу «Кездескенше»
5. Дерек көздер Интернет. сайттар, МАН.

Өту барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу. Кіріспе сөз.
Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді «Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен одан шығу жолдары» тақырыбындағы семинарда көріп отырғаныма қуаныштымын.
Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындап, оларды жою жолдары туралы ой бөлісетін боламыз.
1.»Табыс қоржыны» жаттығуы (5 мин)
Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін қалыптастыру.
Жаттығу барысы. Жүргізушінің сөзі: Әр мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мына сиқырлы қоржынға жетсеңіз — тілегіңіз орындалады.
Топ бір — біріне қарама — қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен — 15 см арақашықтықта тұрады.
Топтың мақсаты:
— қол, дене арқылы кедергі тудыру;
— Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек.
«- Жоқ! Жоқ!» деп хормен айтады.
Қатысушының міндеті:
— қатардағылардың арасымен өтіп кету;
келе жатып: «Иә! Иә»» деп жүреді және өз мақсатын салтанатпен алады.
Қуаныштан секіруі мүмкін.
Топ арасымен барлығы өтуі тиіс.
Жаттығуды талдау мына сұрақтар бойынша жүреді:
— Жүру қиынға соқты ма?
— Не көмектесті, не кедергі жасады?
— Мақсатқа бару жолында әрқашан кедергі бола ма? Әдетте олармен не істейсіз?
— Не істеген жөн?
— Мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңуге даярсыз ба?
— Өз мақсатына жету үшін баса — көктеген дұрыс па?
Қане мақсатқа қойылатын талаптарды бірге тұжырымдалық.
Мақсат ауқымды болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім көрсетіледі. Мақсатқа қол жеткізудің критерийлері тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу адамның өзіне байланысты — мақсатты баяндауда өзге адамдар көрініс бермеуі тиіс, өйткені олардың өз мақсаты мен тілегі бар және олар басқа адамның тілегін орындауға міндетті емес.
Мақсатқа қол жеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі керек.
Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.
Топқа бөлу
Миға шабуыл 5 мин
«кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)
Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?
5. Топтық жұмыс №1. 10 мин
А) Постермен жұмыс
1 топ. Білім сапасын арттыруда оқушылар тарапынан кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдарын постерге жазу. Әр кедергіге екі шығу жолын жазу керек.
2 топ. Ата — аналар тарапынан қандай кедергілер бар оларды қалай жоюға болады? Постерге жазу
3 топ. Мұғалім тарапынан кездесетін кедергілермен олардан шығу жолдарын постерге жазып көрсету.
Б) Топтар жұмыстарын ауыстырып оны толықтырады.
В) Жазған жұмыстарын қорғау 5 минуттан

Бейнефильм көрсету «Көбелек»
-Не түсінгендерін сұрау
Г) Қосымша мәліметтер
Сапаға жету жолдары
Білім сапасын арттырудағы тұлғалар қызметі:
1. Ұйымдастырушылық қызмет
— педагогикалық қызметті ұйымдастыру;
— мұғалім оқушы қызметін ұйымдастыру;
— оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;
— мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;
— оқушының өз қызметін ұйымдастыру.

2. Жобалық қызмет
— педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;
— педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;
— педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.
3. Коммуникативтік қызмет
— педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалім, оқушы, ата — ана) арасындағы коммуникативтік қызмет;
— мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу;
— педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайының жасалуы.
Рефлекция
Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады)
— Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Оны сіздер бір — біріңізге бере отырып, семинар туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар
Семинар аяқталды. Бәріңізге көп — көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі жұмысымызда алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін кездескенше.

Епенова Шолпан Бисеновна,
Атырау қаласы,
ЖШС «SilkWay мектеп — лицейі»
жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.