Home » Білім және тарих » Ел рәміздері-ел тірегі

Ел рәміздері-ел тірегі

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Үшсарт негізгі мектебінің
тәрбие існің орынбасары
Карабалина Рауза Баянқызы

Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман,қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

Қазіргі таңда «Біз мемлекеттік рәміздерге деген сыйластыққа тәрбиелеу үйден, балабақша мен мектептен басталатындығын үнемі есте сақтауымыз қажет. Және мен ата-аналарды, тәрбиешілер мен мұғалімдерді біздің балаларымызды жас күнінен өз Отанын, Қазақстанның туын, елтаңбасы мен әнұранын сүюге және сыйлауға тәрбиелеуіміз қажет».

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол  оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз ел  бола алмайды.

Үшсарт негізгі мектебінде Ел рәміздеріне арналған жоспар құрылып, нәтижесінде төмендегідей іс-шаралар өтті. Әр дүйсенбі жұмыс күні 8.00 де мемлекеттік гимн орындалып, сабақ басталады.

Қыркүйек« Ел Рәміздері-Тәуелсіздік белгісі»  деген  тақырыпта 8-9-сынып оқушылары арасында пікір-талас өтті. Пікір-таласқа  10 оқушы мен 3мұғалім қатысты.  Пікір-таласта  әрбір оқушы  рәміздер туралы  өз  орйын  еркін жеткізе білді.

Қазан  айында    «Ел рәміздері-мәңгілік»   тақырыбында  4-9-сынып оқушыларының қатысуымен    салтанатты жиын өтті. Жиынға  оқушылар мен сынып жетекшілері қатысты.

Ай сайын сынып жетекшілер өз  сыныптарында   рәміздерге арналған сынып сағаттарын өткізіп отырады.

Мектеп кітапханасында «Мемлекеттік  рәміздер-біздің  мақтанышымыз»  атты кітаптар көрмесі өтті.  Көрмеге мемлекеттік рәміздермен қатар , рәміздер авторларының өмірбаяндары,оқулықтар  қойылды.

«Рәміздерді құрметтейік» тақырыбында  1-4-сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты адамгершілікке, өз Отанын сүюге, тілін, тарихын,мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу.

5-9-сынып оқушылары арасында «Бұл-біздің  гимн» гимнді айтудан сайыс өтті.  Сайыс мақсаты мемлекеттік әнұранды талапқа сай орындап шығу.  Сонымен қатар, 6-9-сынып оқушылары арасында «Ел рәміздері-тәуелсіздік айғағы» деген тақырыпта шығармалар байқауы өтті.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

8-9-сынып оқушылары арасында «Үмітін елдің арқалап,елінде туған рәміздер» атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Мақсаты : Елтаңба,Ту,Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінік беру.  Жоспар бойынша барлық іс-шаралар уақытында өтіп отырады.

Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен,

халқымызға бағыт- бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:

Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,- деп қазақ елінің ешкімге барып

соқтықпағаны, «Жаным- арымның садағасы»- деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал ХХ ғасырдың өр ақыны Ж. Молдағалиев:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,- деп еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді.Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып , жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі- Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс- шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.