Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
- Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
- Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғалім:
Амансыңдар ма, балалар,
Күн сайын өскен саналар.
Талапты бол, талантты,
Бүгінгі сабақ елімізге арналар, – деген шумақпен сабақты бастайды.
Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» әнін хормен орындайды.
Әңгімелесу
- «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жер – адамзаттың кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дегендей, әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені.
- Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры – сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады. Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.
Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып, ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын.
Слайд. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Тыныштық сәті.
Балалар, көздеріңді жұмып, маужырап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар. Көзді жұму керек. Алдымен еркін, жайлап тыныс алыңдар. Тағы да жайлап, еркін тыныс алыңдар. Ауаны ішке жұтып, ауыз арқылы лепті үрлеп шығара отырып, сол үрлеген леппен, аяғыңнан мойныңа дейін бүкіл денеңді спираль секілді бүркемелеп алғандай ойша елестетіңдер. Енді дем шығарғанда оймен: «мен өз сезімімді ұнамсыз эмоциялардан арылттым» деп айтыңдар. Одан кейін екі рет дем шығарғанда: «Енді мен ұнамсыз эмоциядан арылдым» деңдер. Енді балалар денелеріңді босатыңдар, көздеріңді ашып, жақсы нәрселерді есіңе түсіріп, айналаға күлімдей қараңдар.
Сахналау:
Рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар.
Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз?
Атасы: Балам, туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана-сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады екен.
Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде?
Атасы: Ол – менің ата-бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.
Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз?
Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білемін.
Немересі: …
Түйіндеме
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.
Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.
Мұғалім сөзі: Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен – әр адамның тағдыры. Одан алғаныңды жүрегіңе құя білуің – шарт.
Туған жерді сүю, өз еліңе байланып қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу.
Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.
Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік.
«Туған жер», «ел», «Отан» сөздері – баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз.
Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер – ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер – қасиетті, құдіретті.
Сіздер кең байтақ, тәуелсіз Қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар.
Жүректен – жүрекке.
«Атамекен» әні.

Актоты Амангелдіқызы Актамгалиева,
«Сырым аудандық білім беру бөлімінің
жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,
Сырым ауданы, БҚО
v