Home » Жаңалықтар » Ақынның аты өлмейді — рухы мықты  

Ақынның аты өлмейді — рухы мықты  

Алматы қаласы, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Амировна бастаған Медеу ауданының кәсіп одағы басшысы Закиров С.  мектеп директоры Казиева Назгуль Алдабергеновна және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 33 мектеп-лицейінде Медеу аудандық мектептері арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 88 жыл толуына орай ұйымдастырылған волейбол сайысы өтті.

1 орын 131 лицей қанжығасында,2 орын 12 гимназияға бұйырса, 3 орын 159 гимназиясы иленді.

Сайыс мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, ақын өлеңдері мен әндерін тыңдату, жырлату болды. Ашылу салтанатында бүлдіршін балапандарымыз ақын өлеңдерін шырқап, балғындарымыз жырдан шашу шашты. Ал, Мұқағали мен Моцаррт» шығармасынан композиция қойғанда көрермендеріміздің көздеріне жас алып ақиық ақынды еске алды.

Ашылу салтанаты соңында Медеу аудандық «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы Закиров С.Қ. алған әсерімен бөлісті. Аудандық іс-шараға белсене атсалысқаны үшін бірнеше ұстаздарымыз «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Келген командалардың жетекшілері Щокаманов Уәлихан мен Сәрсенбай Берік сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ақын өлеңдерін оқығанда әсерленбеген жан қалмады.

Кеш соңында әдеттегідей мектеп директоры Н.А.Казиева сайыскер командаларға сәттілік тіледі.

Алиев Нурлан Меркенович
33 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары  

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.