Home » Жаңалықтар » Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолынды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында!

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолынды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында!

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолынды,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында!»

Н.Ә. Назарбаев

       Қарақия ауданы, Мұнайшы аулындағы №5 орта мектепте 2017-жылы жас мамандар мен деңгейлік  курстан өтпеген мұғалімдерге методикалық көмек көрсету мақсатында, деңгейлік курстың бірінші деңгейін оқыған математика пәні мұғалімі Г.Башимованың ұйымдастыруымен «Тиімді оқыта білу мен сабақ сапасын жақсарту» тақырыбында мектепішілік апталық өткізілді. Апталыққа деңгейлік курстан өткен жеті мұғалім мен көшбасшылық деңгейін оқып жатқан мектеп басшысы Г.Н. Буркитова қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері Ә.Жұмағалиева Ғ.Мүсіреповтің «Көлде», А.Ақсағындықова «Монеталармен төлеу», Ә.Жұмағалиева «Көкшетау» тақырыптарына, жоғары сынып мұғалімдерінен қазақ тілі пәні мұғалімі С.Мархабаева «Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар», география пәні мұғалімі Қ.Кенжебаева «Сауыр Тарбағатай», қазақ тілі пәні мұғалімі С.Еңсегенова Т.Айбергеновтың «Ана» тақырыптарында жаңа форматтағы сабақтар көрсетті. Мектеп басшысы Г.Н. Буркитова мектеп мұғалімдерінің арасында «Эйзенхауер матрицасы» тақырыбына коучинг өткізді. Ашық сабақтарға қатысқан мұғалімдер өз пәніне қажетті және тиімді деп санаған әдіс-тәсілдерді алды деген ойдамын. Әрбір сабақ соңында деңгейлік курстың бірінші, екінші деңгейін оқыған мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі өтілген сабақты талдап, пән мұғаліміне сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімді және тиімсіз тұстарына өз ескертулерін беріп отырды. Г.Н. Буркитова өткізген «Эйзенхауер матрицасы» тақырыбындағы коучингте мұғалімдер өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Мектептің білім беру саласын дамыту мен білім сапасын дамыту жолында ұжымның әр мүшесі өз үлесін қосуда. Оқушылар жаңа форматтағы сабақ әдісіне әбден үйреніп, берілген тапсырмаларды уақытқа бағына отырып орындайды және өз пікірлерін ортаға салып, ойларын еркін жеткізеді. Әр оқушы жеке дара мүше болуға лайықты деп ойлаймын, сондықтан жаңа форматта білім берудің бізге және балаларға пайдасы мен берері мол.

Башимова Гүлшат

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

 Мұнайшы селосы, №5 орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.