Home » Мақалалар » Елу жылда ел жаңа

Елу жылда ел жаңа

Үстіміздегі  жылы  Шымкент  қаласындағы Қаратау  ауданына  қарасты  Қайтпас – 1  елдімекеніндегі  № 58 жалпы  орта  мектепке   еңселі  50 жыл  толып отыр.  Осы  мерейлі  мерекемен  мектебіміздің  директоры  Б.Ә.Алтаевты,  оқу  және  тәрбие  саласындағы  орынбасарлары  Р. Бегімбетеова, Д.Ахбаева ,  Қ. Мамырова,  Г. Сариева, А,Тұрлыбекова  сынды  жаңа  заман  талабымен  таласа  отырып  жас  ұрпаққа  саналы да,  сапалы  оқу  — тәрбие  беруде  аянбай  тер  төгіп  жүрген , мектебіміздін  жүрегі  саналатын,  ұлағатты  ұстаздарды  құттықтағым  келеді.

Тұғыры  биік  тәуелсіз  мемлекетіміздің  президенті  Н.Ә.  Назарбаев   «Білім саласына қызмет еткеннің бәрі  Қазақстанның болашағына қызмет етеді»  деп  айқындап  атап  берді.   Осы  аталған  білім  ордасының  50 жылдық   тарихында  еліміздің    еңсесін  биікке  көтерер ұрпақты  тәрбиелеу  ісінде  мен  басқарып  отырған  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  де  алатын  орны  ерекше.  Осыдан  50 жыл  бұрын  шағын  ғана  300 –дей  білім  алушыға  арналған  алтын  ұя  болса,  бүгінде  тек  бастауыштың  өзінде  1000  нан  аса  бүлдіршіндерге   60 – қа  жуық    жарқын  жүзді, аялы  алақанды,  мейірімді  мұғалімдер  қызмет  етеді.

Бастауыш  сыныптар  ұжымындағы әрбір  ұстаз  білім  негізі  бастауышта  қаланатынын,  оның  қандай  жауапты  жүк  екенін  сезінеді.  Бастауыш  сынып  бірлестігін  көптің  қалауын  табатын,  сабыр  мен  сындарлы   талапқа  төзе  білетін ,  І санатты  ұстаз  Байтұрсын  Салтанат  басқарып  келеді.   Жоғарғы  санатты   12,  І  санатты 18,  ІІ  санатты  19,  ал  санаты  жоқ     мамандарымыз  11.

2017-20018  оқу  жылын  білім  сапасын  59,6  пайызбен,  орта  бағамыз 3,8  көрсеткішімен  аяқтап  отырмыз.  Ал  биылғы  жылға   63-65  пайызға  жеткізу  межеленіп  отыр.

Білім  алушыларымыздың  көрсеткіштері  де  аз  болған  жоқ.  Айта  кетсем,  республикалық  пән  олимпиадаларына  54  оқушы  қатысып,  казақ  тілінен  8- і  І орын, 6 —  уы  ІІ орын,  6- уы  ІІ  орын,  ал математика  пәні  бойынша І орынды  14 оқушы,  ІІ  орынды  12 оқушы,  ІІІ орынды  8 оқушы  алды.  Халықаралық  ПОНИ,  облыстық  « Алтын  ұрпақ »,  зияткерлік  «Самұрық»,  қалалық  ғылыми  жобаға да   бірнеше  оқушыларымыз  қатысып   жүлдемен  қайтып  жатқандары  баршылық.

«Көп  жасағанна  сұрама,  көпті  көргеннен  сұра»  дегендей  ұжымымызда    өзінен  кейінгілерге  үлгі  бола  алатын, өздерін  кейінгілер ақылшы  тұтатын  ұлағатты  ұстаздарымыз  да  аз  емес.  Олардың  біразы  «Білім  беру ісінің  үздігі» болса,  біразы

«Ұлағатты  Ұстаз»,  былтырғы  оқу  жылында  Нұрмағанбетова  Гүлсынай  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  ҚР  « Білім  бері  ісінің  үздігі»  медалімен  марапатталса,  мерейлі  мамандықтың   иесі  болғанына  40 жыл  толған  Қожабекова  Нәзипа  ҚР   Ғылым  және  білім  министрінің  қолы  қойылып,  мөрі  басылған  Алғыс  хатымен  марапатталып  отыр.  Ұжымда  артындағы жас  буынға  үлгі  бола  алатын,  жандары  жайсаң    Рахимова  Феруза,  Ералиева Зейреш,   Бекқараева  Ажар,  Салиева  Алия  сынды  ұстаздарымыз  да  аз  емес.
Мектебіміздің  50 жылдық   торқалы  тойына   бастауыш  сынып  ұжымы  да  өз үлесін  қосу  мақсатымен  бірнеше  мұғалімдеріміздің  ашық  сабағын  Республикалық   « Білім  айнасы» журналына    жариялап  отырмыз.

Біздің  ұсынысымызды  қолдап  баспаға  жариялап  отырған  « Білім  айнасы»  ұжымына  да  шығармашылық  табыс   пен    денсаулық  тілеймін.

 

Мырзабаева   Хатира  Ноғайбекқызы
 Шымкент  қаласы,
№58  жалпы  орта  мектеп
директордың  бастауыш сыныптардағы оқу  ісі  жөніндегі
орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.