2017 жылғы 13 сәуірінде сағат 10:00 №72 мектеп-лицейінде (Байтұрсынов көш., 25) 8-11 сынып оқушылары арасында «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар байқауы өтеді.
Шығармашылық сайысты «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Елбасының дарынды жастарға Қазақстанның зияткерлік ортаны қалыптастыру бойынша белгілеген міндеттерін жүзеге асыру жолында қолға алып отыр.
Ғылыми байқаудың мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау, ғылымға және техникаға қызығушылықты арттыру.
Байқау келесі секциялар бойынша өтеді:
- №1 секция. «Жаңғыртылатын энергия – болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
- №2 секция. «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология, экология, география, медицина);
- №3 секция. Компьютер ғылымы және IT (робототехника, математика, информатика, программалау);
- №4 секция. Инженерлік механика;
- №5 секция. Архитектура. Құрылыс.
Қазылар құрамында Астана қ. жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары бар.
Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» орталығынан алуға болады: Мәскеу көшесі 41, №62 МЛ (3 қабат), тел. 398342.