Home » Жаңалықтар » Елордалық оқушылар ғылыми жобалар байқауында сынға түседі

Елордалық оқушылар ғылыми жобалар байқауында сынға түседі

2017 жылғы 13 сәуірінде сағат 10:00 №72 мектеп-лицейінде (Байтұрсынов көш., 25) 8-11 сынып оқушылары арасында «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар байқауы өтеді.

Шығармашылық сайысты «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Елбасының дарынды жастарға Қазақстанның зияткерлік ортаны қалыптастыру бойынша белгілеген міндеттерін жүзеге асыру жолында қолға алып отыр.

Ғылыми байқаудың мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау,  ғылымға және техникаға қызығушылықты арттыру.

Байқау келесі секциялар бойынша өтеді:

  • №1 секция. «Жаңғыртылатын энергия –  болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
  • №2 секция. «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология, экология, география, медицина);
  • №3 секция. Компьютер ғылымы және IT (робототехника, математика, информатика, программалау);
  • №4 секция. Инженерлік механика;
  • №5 секция. Архитектура. Құрылыс.

Қазылар құрамында Астана қ. жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары бар.

 

Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» орталығынан алуға болады: Мәскеу көшесі 41, №62 МЛ (3 қабат), тел. 398342.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.